Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында  24 қараша  - Мемлекеттік тіл тақырыптық күні болып белгіленуіне орай  Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты №2 орта мектебінде еліміздегі тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына байланысты алға қойылған үш тілде білім беру саясатын кеңінен насихаттауда  мектеп оқушыларына «Үштілділік – заман талабы» атты тақырыптық сабақ ұйымдастырды.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 2016  жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Мемлекеттік шекара тақырыптық  күніне орай экскурсия сабағы өткізілді.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 2016 жылғы  22 қарашада Қазақ  КСР-інің Халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толуына орай «Ғасыр саңлағы» атты тарихи-тағылымдық сабақ өткізілді.

Атырау облысы тарихи  -өлкетану музейінде 2016  жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Ата заң - Тәуелсіздік пен мемлекеттің тірегі» тақырыбында тарихи-тағылымдық сабақ өткізілді.

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі 2016 жылғы 17 қарашада сағат 11:00-де «Ерте темір кезеңі ескерткіштері» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақты археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы М.Әбдіғалиев жүргізді. 

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінің конференц-залында 2016 жылы 2 қараша сағат: 15.00-де «Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің археологиялық, этнографиялық коллекциялары» ғылыми каталогының тұсаукесері өткізілді. 

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2016 жылғы 13 қазанда Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты, Парасат орденінің иегері, профессор, композитор Қ.Ахмедияровтың туғанына 70 жыл толуына орай арналған «Күй аспанының Қаршығасы» атты еске алу кеші болып өтті.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейіне қарасты палеонтология бөлімшесінде 2016 жылғы 13 қазанда мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандарға көтеріңкі көңіл сыйлау, ізгілік пен мейірімділікті насихаттау, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау арқылы рухани құндылықтардың маңыздылығын ашып көрсету, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру мақсатында «Бор дәуірінің фаунасы» атты «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  2016 жылғы 5-6 қазанда №17 мектеп-лицейінің және №2 орта мектептің 6-7 сынып оқушыларына Атырау қаласының тарихи жерлеріне шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсия «Қазақстанның мәдени мұрасы» акциясы аясында Атырау қаласының тарихи ескерткіштері мен орындарын мектеп оқушыларына көрсетіп таныстырумақсатында өткізілді.

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде Қала күніне  орай 2016  жылғы  4 қазанда  19.00 - 23.00 сағат аралығында  «Музей түні» мерекелік шарасы өткізілді.

Шара барысында музей қонақтарына зергер, қолөнер шебері Қайрат Шапабаевтың зергерлік бұйымдарынан көрме және шеберлік сағаттары, Құрманғазы мәдениет сарайы өнерпаздарының концерті, «VERO Modelz» сән агенттігінің модельерлері ҚР Суретшілер одағының мүшесі Г.Махамбетованың сән үлгілерінен дефиле, Н.Жантөрин атындағы филармония жанынан құрылған «Мұрагер» фольклорлық ансамблінің концерті, квесттік ойындар ұйымдастырылды.

Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы және Исатай аудандық әкімдігінің  ұйымдастыруымен 2016 жылғы 30 қыркүйекте халық батыры Исатай Тайманұлының туғанына 225 жыл, 1836-1838 жылдардағы ұлт–азаттық көтерілістің 180 жылдығына  орай  «Тарих және тұлға»  тақырыбында Исатай ауданы, Аққыстау селосындағы «Жалын» мәдениет үйінде  аймақтық ғылыми – практикалық  конференция өтті.

28 қыркүйек күні Абай жалпы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ата дәстүрін ардақтау-ұлттық салт» атты тақырыптық сағаты  және жергілікті ағаш шебері Т.Жүмалиевтың ағаш бұйымдар коллекциясы бойынша «Ата кәсіп ұрпаққа аманат» атты  шеберлік сағаты өткізілді.

28 қыркүйек Бүкіләлемдік теңіз күніне орай Атырау облысы тарихи –өлкетану мұражайы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесе отырып, 2016 жылдың 27-ші қыркүйегінде «Каспий теңізінің экологиясы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы  2016 жылы 23 қыркүйекте №17 мектеп-лицейінің 7-ші сынып оқушыларына Атырау қаласының тарихи жерлеріне шолу экскурсиясын ұйымдастырды. Экскурсия Экспо – 2017 Халықаралық көрмесіне келетін туристтерге Атырау қаласының тарихи ескерткіштері мен орындарын мектеп оқушыларына көрсетіп таныстырумақсатында өткізілді.

Атырау облысы тарихи – тарихи өлкетану мұражайында 2016 жылы 21 қыркүйек сағ:11.00 –де  22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне  орай  Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Үлкен ел-Үлкен отбасы» ұлттық жобасы аясында  «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» атты өзге ұлт оқушылары арасында сайыс өткізілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайында  2016 жылғы 15 қыркүйекте  сағ 15.00-де ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Туған жер-тұғырым» атты  Музейлік квест интеллектуальды байқауы өткізілді.  Мұражайдың экспозициялық  залдарындағы жәдігерлер арқылы  өңіріміздің тарихын жас ұрпаққа насихаттау үшін ұйымдастырылған байқауға қаламыздағы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Агротехникалық колледжі, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі,  Атырау мұнай және газ институты студенттері арасынан 3 адамнан құралған  4 топ қатынасты.

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының  ұйымдастыруымен 2016 жылғы 2 қыркүйекте сағ: 11.00 –де Ұлы Отан соғысы жылдарында хабар – ошарсыз кеткен атыраулық Тәжіден Хасановты ұрпақтарының іздестіруі нәтижесінде КСРО Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан табылған мемлекеттік наградамен марапатталғандығы туралы   құжаттарын мұражай қорына тапсыру мақсатында ұрпақтарымен кездесу шарасы өткізілді.

29 маусымда өлкеміздің қарымды қаламгерлері Педагогика Ғылымдары академиясының Құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Өтегенұлы Жүсіп, ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты Өтепберген Әлімгереев, Қазақстанның құрметті журналисі, журналистер одағы сыйлығының лауреаты Төлеген Жаңабаймен мұражай қорын толықтыру мақсатында баспадан жарық көрген кітаптарын тапсыру үшін арнайы кездесу кеші өткізілді.

2016 жылы 6-10 маусым аралығында «Сен Атырау қаласының тарихын білесің бе?» тақырыбында оқушыларға ой-өрістерін кеңейтіп, өлкенің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен таныстыру арқылы мұражайға қызығушылықтарын дамыту мақсатында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru