Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында 24 қараша - Мемлекеттік тіл тақырыптық күні болып белгіленуіне орай Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты №2 орта мектебінде еліміздегі тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына байланысты алға қойылған үш тілде білім беру саясатын кеңінен насихаттауда мектеп оқушыларына «Үштілділік – заман талабы» атты тақырыптық сабақ ұйымдастырды.
«Үштілділік – заман талабы» атты тақырыптық сабақ барысында елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі болған ел азаматтарының мемлекеттік тілді білу ғана емес, өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін басқа тілдерді де меңгеру міндетін, елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші қадамы ретінде слайд жүйесі арқылы көркемделіп көрсетті.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл - елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші қадамы болып отырғандығы және үш тілді қатар меңгеру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды жеделдете түсетіндігі туралы оқушыларға түсіндірілді.