Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты, Парасат орденінің иегері, профессор, композитор Қ.Ахмедияровтың туғанына 70 жыл толуына орай арналған «Күй аспанының Қаршығасы» атты еске алу кеші

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2016 жылғы 13 қазанда Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтардың лауреаты, Парасат орденінің иегері, профессор, композитор Қ.Ахмедияровтың туғанына 70 жыл толуына орай арналған «Күй аспанының Қаршығасы» атты еске алу кеші болып өтті.

Кездесукеші Қаршыға Ахмедияровтың мол мұрасы мен ғажайып ғұмырын, артында қалған ұрпақтарын қала қонақтарымен тұрғындарына таныстыру және жас ұрпаққа үлгі ете отырып, отансүйгіштікке тәрбие беру мақсатында өткізілді.

Мұражай басшысы Р.Харипова кештің алғашқы сөзін алып, мұражай қонақтарына ыстық ықыласын білдірді.Сондай-ақ кештің сәнін «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің «Халық аспаптар факультетінің» 4-курс студенттері О.Жанарыс, Х.Сағымбаев, Б.Тілегеновтер күйші Қ.Ахмедияровтың өз репертуарынан шыққан күйлерінен күй тартыс орындап, осы колледж студенті Н.Базарбаева «Алтын орда» күйін шертті. О.Жанарыс мұражай қорында сақталған күйші Қ.Ахмедияровтың домбырасын алып «Нарын» күйін күмбірлетіп, көрермен ықыласына бөленді.  Кеште күйшінің ағасы А.Ахмедияров сөз алыпкүйшінің кейінгі ұрпаққа беретін тәлім-тәрбие болар өмір белестеріндегі шығармашылық қасиетіне, еңбекқорлығына тоқталып, ұзақ жыл бірге қызмет еткен Н.Төлегенов күйші жөнінде сүбелі ой, әдемі естеліктерімен бөлісіп, кеш соңында жұбайы Н.Ахмедиярова Қаршыға аға екеуі өткізген тағдырынан естелік әңгімелерін айтып, бүгінгі шараның маңыздылығын, кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол екенін атап өтіп, мұражай ұжымына алғысын білдірді.

Аталған шараның ашылу рәсіміне Қ.Ахмедияровтың жұбайы Нұрбике Жұмағалиқызы, Қ.Ахмедияровтың ағасы Алғи Ақмедияров, қызы Раушан Ахмедиярова және күйшінің туған-туыстарымен бірге ұжымдас болған әріптесі Нәсіпқали Төлегенов қатынасты. Сонымен қатар кеште «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің студенттері,  Құрманғазы атындағы музыка мектебінің оқушыларымен мұражай қызметкерлері  барлығы 60 адам қатынасты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru