«Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайының археологиялық, этнографиялық коллекциялары» ғылыми каталогының тұсау кесер рәсімі

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінің конференц-залында 2016 жылы 2 қараша сағат: 15.00-де «Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің археологиялық, этнографиялық коллекциялары» ғылыми каталогының тұсаукесері өткізілді. 

Ғылыми каталогтың тұсаукесеріне Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ә.Жоламанов алғы сөз сөйлеп құттықтады. Ғылыми каталогтың лентасын Әбіл Тауфиқұлы мен Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, музей жанындағы ғылыми-кеңестің мүшесі Қатимолла Ризуанов қиды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Аққали Қабижанұлы сөз сөйлеп, ғылыми каталогтың өскелең ұрпаққа, оқушылар мен студенттерге берер мағлұматтарының көп екендігін айтып, ғылыми каталогты жинақтап жасақтаған музей ұжымына және ғылыми кеңес мүшелеріне өзінің үлкен ризашылығын білдірді.

Іс-шараға тарихшылар, өлкетанушылар, археологтар, облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары, музей қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru