Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2016 жылғы 5-6 қазанда №17 мектеп-лицейінің және №2 орта мектептің 6-7 сынып оқушыларына Атырау қаласының тарихи жерлеріне шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсия «Қазақстанның мәдени мұрасы» акциясы аясында Атырау қаласының тарихи ескерткіштері мен орындарын мектеп оқушыларына көрсетіп таныстырумақсатында өткізілді.
№2 орта мектептің 6 сынып оқушыларына экскурсияда 3 объект таныстырылды: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы ескерткіші, «Иманғали» мешіті және Успен соборы. Экскурсия барысында оқушылар Исатай – Махамбет ескерткішінің қашан орнатылғаны, Исатай мен Махамбеттің кім болғандары, ұрпақтарының оларға арнап қаламыздың орталығында ескерткіш орнатылғаны жөнінде, сонымен қатар әлемдік діндермен де таныс болды: «Иманғали» мешітінің ислам және православие діндері жөнінде кеңірек түсінік беріліп, «Иманғали» мешітінің сәулеттік құрылысы, ішкі бөлімдерімен танысып, Успен соборының құрылу тарихы туралы мағлұмат алды.
№17 лицей оқушыларына экскурсия Жеңіс саябағында өткізілді, оқушылар ҰОС жылдарындағы ұшақпен, соғыс техникаларымен, мәңгілік алау туралы мағлұмат алып, қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалмен және интернационалист жауынгерлерге орнатылған ескерткішпен танысты.