Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2016 жылғы 28 қараша күні сағ: 15:00-деҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Қазақстанның басты атрибуты Ұлттық Валюта күніне арналған «Теңге - тәуелсіздіктің нышаны» атты тарихи-танымдық сабақ өтті.
Мемлекетіміздің бір нышаны болып табылатын төл теңгеміз - теңгенің шығу тарихы, әр кезеңдегі қолданыста болған теңгелер шежіресін, бүгінгі таңдағы маңызы жөнінде жас ұрпаққа насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Сондай – ақ, сабақ барысында Тәуелсіз қазақ елінің валютасы- еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің басты атрибуты екендігін, еліміздің экономикалық, саяси тарихын, оның материалдық және рухани мәдениетінің бірден – бір көрсеткіші болып табылатындығы туралы баяндалды.
Шараға №16 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатынасты.