Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі 2016 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Елбасының Жаһандық бастамаларына арналған «Жаһандық бастамалар - жас буын көзімен» атты тарихи-тағылымдық сабақты Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты №7 М.Әуезов атындағы орта мектебіне барып өткізді.
Сабақ жас ұрпақ санасына Елбасы ұсынған «Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045» жоспарын жеткізу, жаһандық стратегиялық саясатының өзектілігін және әлеуметтік экономикада болып отырған жаһандық қиындықтарды алдын алу маңыздылығын, келер ұрпаққа тереңірек түсіндіру мақсатында өткізілді. Сабақта оқушыларға жаһандық деген сөздің шығу тарихын және дүниежүзі елдерінің жаһандық саясатының ұстануының бағытын түсіндіріп, тарихына арналған слайд көрсетілді.
Сабаққа М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты.