Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде Қазақ КСР-інің Халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толуына орай өткізілген «Ғасыр саңлағы» атты тарихи-тағылымдық сабағы

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 2016 жылғы  22 қарашада Қазақ  КСР-інің Халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл толуына орай «Ғасыр саңлағы» атты тарихи-тағылымдық сабақ өткізілді.

Сабақ жас ұрпақ санасына күйшінің өмірі мен шығармашылығын таныстыру арқылы оларды еліміздің рухани құндылықтарын қадірлеуге, мәдениетіміз бен өнерімізді дамытуға үндеу және патриоттық сезімін ояту мақсатында өткізілді.

Сабақта күйші Д.Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы және күйлерінің тарихы туралы студенттерге баяндалып, музейдің ғылыми қорында жинақталған материалдарынан слайд жасалып күйші туралы «Ұлт мақтанышы» атты бейнефильм көрсетілді. Сабақ барысында колледж студенті Х.Сағымбаев Д.Нұрпейісованың «Сегізінші март», «Байжұма» күйлерін орындады. Сабаққа Д.Нұрпейісова атындағы  халықтық музыка  Академиясы Атырау музыка  колледжінің  ұстаздары мен студенттері қатысты.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru