Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жетістіктеріне арналған «Еліме бағыт болған Елбасы» атты тақырыптық сабағы

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейіне қарасты Құрманғазы аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен  2016 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жетістіктеріне арналған  «Еліме бағыт болған Елбасы» атты М.Әуезов орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен тақырыптық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен ел басқару ісіндегі еңбегін,  Қазақ елін әлемге таныту, мемлекеттік рәміздеріміздің қабылдануына, ұлттық экономикамыздың барлық саласы тұтастай дамуына,  еліміздің әлемдік өркениет көшіне дендей енуіне бар күш-қуатын жұмсаған, барша адамзаттың ядролық қарусыз әлемде өмір сүруін көздеген көшбасшы, Отанын, халқын, елін, жерін сүйген,  Тәуелсіз Қазақстанымыздың дербес мемлекет ретінде қалыптасуы мен өркендеуінің бастауында тұрған дара тұлғаның патриоттық сезімге толы қайсарлығын, оның жетістіктерін  үлгі-өнеге тұту. Елбасымыздың Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырып, дамытудағы өлшеусіз әлем мойындаған тарихи еңбегін оқушы жастарға таныту, оларды елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Шарада оқушыларға әлемнің аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері мойындаған Елбасымыздың Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырып, дамытудағы өлшеусіз еңбегі,  еліміздің даңқын асырып, Қазақ елінің бақуатты тұрмысы мен кемел келешегі, халқының намысы мен абыройы үшін ұлағатты іс атқарған Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  өмір жолын, ерен еңбегі, тарихтағы орны мен жетістіктері туралы толық  мағлұматтар берілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru