Музыкалық аспаптар

Музей қорында саз аспаптар коллекциясының бірнеше түрлері жинақталған. Солардың ішінде: домбыра, жетіген, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, тастауық, аккардион, балалайка, мандалин т.б .

muzika12

Рубаб -Өзбек халықтарының саз аспабы.

Аспапты «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Акмад Амиров 2020 жылы "1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне" және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына 25 жыл толуына орай музей қорына сыйға тартқан болатын.

Рубаб - Орта Азия халықтарының кең таралған музыкалық аспабы, XII ғасырда Еуропада ребек атауымен кеңінен пайдаланылды. Түркияда үш ішекті рубаб бар. Парсыларда рубабқа ұқсас аспап  «рабет барбитус» деп аталады.

Рубаб ағаштан жасалған дөңес шанақтан ( дөңгелек немесе сопақша пішінді), былғарыдан жасалған беткі қақпақтан, кварт бойынша реттелген 4-6 ішектен (жібектен немесе металлдан жасалған ішектен) тұрады. Ең көп таралған рубабтар ұзындығы 800-1000 мм. Дыбыс жүйесі әдетте плектроммен шығарылады. Өзбек халық аспаптар оркестрінде рубабтың 3 түрі бар: прима, альт, тенор. Музыканттар рубабты ысқыспен ойнайды, аспаптың өзін тізеде ұстап тұрады. Рубабта жеке әуендерде орындалады, сонымен қатар ән айтылып сүйемелденеді. Рубаб алуан түрлі атауларымен Шығыстың әр түрлі халықтарында кездеседі. Таралу орнына және құрылғының кейбір ерекшеліктеріне сәйкес рубаб ауған, дулан, қашқар, памир және т.б. түрлерімен ажыратылады.

Рубаб XII ғасырда Еуропада ребек атауымен кеңінен пайдаланылды. Түркияда үш ішекті рубаб бар. Парсыларда рубабқа ұқсас аспап  «рабет барбитус» деп аталады.

Суретте: «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Акмад Амировтың 2020 жылы музей қорына сыйға берген Рубоб аспабы. Ол 1950 жылы ағаштан жасалып, бет қақпағы терімен қапталған. Шегіне бір жилка және төрт жіңішке сым орнатылған,  тиегі және бес бұрау құлағы ағаштан жасалған.

Мерзімделуі: ХХ ғ.

Материалы: ағаш,тері, жилка, сым

Техникасы: сүргілеу, құрастыру

Өлшемі: ұзындығы 93 см, бет қақпағы 17х17 см

Қолданылуы: Өзбекстан республикасы

Есептік белгісі: АОТӨМ НҚ 22010

        

Тастауық (ысқырық ) - қазақтың көне музыкалық аспабы. Көгілдір түсті құс тәріздес, үш жерде дыбыс шығаратын тесігі бар аспапты табиғи саз балшықтан жасаған. 2006 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылының тұрғыны С.Нұрниязов музейге тапсырған.

 

Сазсырнай

Көне Отырардың құмырашылық кәсібінің технологиясы мен дәстүрін қалпына келтірумен айналысатын Қ.Қарабдолов жасаған. Көшірме үлгісі. Оңтүстік Қазақстан облысы.Шәуілдір. 1986 жыл.

 

Жетіген

Қазақ халқының көне саз аспабының үлгісінде жасалған. Атырау қаласының тұрғыны, қолөнер шебері Қ.Шапабаев жасап тапсырған.2013 ж.

 

Сүйектелген домбыра. ХІХ ғ.

Ағаштан жасалған домбыраның сыртына күміс және сүйек пластинкалар жапсырып, Батыс Қазақстандық үлгідегі өрнекпен әшекейлеген. Аталарынан мұраға қалып, ұзақ жылдар сақтаған домбыраны Атырау облысы, Махамбет ауданының тұрғыны Т.Лекеров 1975 жылы музейге тапсырған.

 

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, ұлағатты ұстаз, дирижер – Сейілхан Құсайыновтың домбырасы. 2001 жылы музейге тапсырған.

 

Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтың домбырасы. 2001 жылы Н.Үлкенбайұлы музейге тапсырған.

 

ҚР-ның халық әртісі, профессор Қаршыға Ахмедияровтың жеке домбырасы. 2000 жылы музейге тапсырған.

 

Қазақ КСР-інің халық әртісі, әнші - Жүсіпбек Елебековтың домбырасы. 2003 жылы И.Тасмағамбетов музейге тапсырған

 

Дәулескер күйші Камал Мақайұлының домбырасы. 2014 жылы И.Тасмағамбетов музейге тапсырған

 

Қазақ ССР – на еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Раушан Нұрпейісованың қобызы. Жасаған шебер Вениамин Романенко.Ұзақ жылдар пайдаланған қобызын 1992 жылы музейге тапсырған.

 

Дауылпаз ақын, ақберен батыр Махамбет Өтемісұлы домбырасының көшірмесі

Атырау облысы әкімдігінің арнайы тапсырмасымен 2003 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының музыкалық халықтық аспаптарын жасау шебері Мұса Әділұлы жасап, музейге тапсырған.

 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru