Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «XXI ғасыр көшбасшысы» атты мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Жас ұрпақтың бойындағы ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату.
Аталған сайысқа Атырау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі, Атырау облысы дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназия, Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірдерегінен, ең алғашқы еңбек жолынан, қызметінен және Елбасының сындарлы саясатынан сұрақтар қойылып, білімдері сыналды.
Сайысқа Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Р.Харипова, Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері С.Айтжанова, Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейініңэкскурсоводы И.Жұмағалиева төрағалық етіп, «Үшқоңыр», «Болашақ», «Ұлт ұландары» топтарына әділ бағалары беріліп, «Білгірлер», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Жас интеллектуалдар» наминацияларымен марапатталды. Сонымен қатар музей басшысы Р.Харипова бүгінгі интеллектуалды сайыстың маңыздылығын айтып, кейінгі ұрпаққа берер тағылымы мол екенін атап өтіпбілім ордаларына Алғыс хаттарымен арнайы, сыйлықтарын табыс етті.
Сайысқа көрермен ретінде №18 Н.Крупская атындағы орта мектеп, №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп оқушылары мен ұстаздары қатынасты.