Қазақстанның мәдени мұрасының құндылықтары туралы «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында «Қазақ даласының тарихы» атты «Музейлік квест» интеллектуалды байқауы өтті

Атырау  облысы  тарихи - өлкетану музейінде 2016 жылдың 6 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай Қазақстанның мәдени мұрасының құндылықтары туралы  «Туған жер – тұғырым» тақырыбы  аясында «Қазақ даласының тарихы» атты еліміздің және өңіріміздің тарихын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Музейлік квест»  интеллектуалды  байқауы өткізілді.

Байқауға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті, Атырау инженерлік – гуманитарлық институты, Д.Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінің студенттері қатынасты.

Байқау барысында қатысушыларға өлкеміздің тарихы, табиғаты, этнографиясы жөнінде сұрақтар қойылып, әр топ өз жетекшілерімен  бірге өте жылдам әрі қызығушылықпен қатынасты. Байқаудың қорытындысында қатысушыларға арнайы алғыс хаттар, ал  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері  сертификатқа ие болып,  ақтық кезеңге жолдама алды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru