Археология

Қыш құмыра.

Ерте темір дәуірі, б.з.д. II ғ. - б.з басы.

Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Аралтөбе қорғандар тобына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі З.Самашев). Атырау облысы, Жылыой ауданы. 2000 ж.

 

Қыш көзе.

Ерте темір дәуірі, б.з.д. II ғ.- б.з басы.

Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Аралтөбеқорғандар тобына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі З.Самашев). Атырау облысы, Жылыой ауданы. 2000 ж.

 

Хұмша.

ХІV ғ.

Музей қорындағы аса құнды жәдігер - 1909 жылы Сарайшық қалашығы орнынан шамамен 2 сажень (бір сажень шамамен 2,16 м-ге сәйкес келеді) тереңдіктен табылған хұмша. Атырау облысы, Махамбет ауданы. 1909 ж.

 

Тостаған.

XІV-ХV ғғ.

Орта Еділ археологиялық экспедициясы Батыс Қазақстан отрядының бастығы Л.Л.Галкин Сарайшық қалашығы орнынан тапқан. Атырау облысы, Махамбет ауданы. 1978 ж.

 

Қыш шәйнек.

XІІІ-ХІV ғғ.

Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі З.Самашев). Атырау облысы, Махамбет ауданы. 1999 ж.

 

Қыш кесе.

XІV-ХV ғғ.

Қытай фарфоры – селадоннан жасалған.

Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі З.Самашев).Атырау облысы, Махамбет ауданы. 1999 ж.

 

Жүзік.

Ерте темір дәуірі, б.з. І-IV ғғ.

Күміс. Көзінде сопақша келген қызыл түсті ақық тасы (сердолик) бар.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің археологиялық экспедициясының Қылыш - 2 қорғанына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі Қ.Құдабай). Атырау облысы, Индер ауданы. 2012 ж.

 

Моншақтар (55 дана).

ХІІІ-ХІV ғғ.

Балқыған шыны тәріздес қоспа (паста).

Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Ақтөбе қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі З.Самашев).Атырау қаласы. 1989 ж.

 

Бойтұмар.

ХІІІ-ХV ғғ.

Каури қабыршағы (жыланбас).

Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі З.Самашев). Атырау облысы, Махамбет ауданы. 2009 ж.

 

Әшекейлі бұйым.

ХІІІ-ХІV ғғ.

Сүйек. Тегістелген.

Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі З.Самашев). Атырау облысы, Махамбет ауданы. 1999 ж.

 

Қола айна.

Ертетемірдәуірі, б.з.д. ІІ-I ғғ.

БатысҚазақстанархеологиялықэкспедициясыАтырауоблысыныңоңтүстікбөлігінежүргізгенбарлауыкезіндеҚаратон, Сарықамыселдімекендерімаңынантабылған(жетекшісіЗ.Самашев). Атырау облысы, Жылыой ауданы. 1997 ж.

 

Қола айна.

Ерте темір дәуірі, б.з. І-IV ғғ.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің археологиялық экспедициясы Қылыш-2 қорғанына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі Қ.Құдабай). Атырау облысы, Индер ауданы. 2012 ж.

 

Қола айна.

XІІІ-ХІV ғғ.

Айнабетінеекіқатаршеңберсызылып, өсімдіктәріздес, шеңберліөрнектерменәшекейленген. БатысҚазақстанархеологиялықэкспедициясыныңСарайшыққалашығыорнынажүргізгенқазбасыкезіндетабылған(жетекшісіЗ.Самашев).

Атырау облысы, Махамбет ауданы. 1996 ж.

 

Сфераконус.

XIII-XIV ғғ.

Ыдыстың сырты штамппен басылып, бұдырлы өрнектермен әшекейленген. Сфераконусты ыдыс ретінде, дәрі-дәрмектер немесе хош иісті заттар сақтау, тасымалдау үшін пайдаланған. Орта Еділ археологиялық экспедициясының Сарайшық қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған. Атырау облысы, Махамбет ауданы. 1976 ж.

 

Шырағдан.

XIV ғ.

Қыш. Ақық түсті мөлдір сыр жағылған. Кашин балшығынан жасалған. Еділ-Орал археологиялық экспедициясының Ақтөбе қалашығына жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған (жетекшісі Л.Л.Галкин). Атырау қаласы. 1979 ж.

 

Жүзік.

ХІV-ХV ғғ.

Қола. Соқпа. Араб эпиграфикасымен оймаланып, тұтас құйылған. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі З.Самашев). Атырау облысы, Махамбет ауданы. 2000 ж.

 

Қыш бұйым.

XIV-XVғ.ғ.

Созылмалы саз балшықты илеп, қалыпқа жапсыру тәсілімен күйдіріліп жасалған. Жануар мүсінді бұйымды ойыншық ретінде қарастыруға болады. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі З.Самашев). Атырау облысы, Махамбет ауданы. 1999 ж.

 

Жапсырма.

ХІІІ-ХІV ғғ.

Қола. Балықты стилдік бейнелеу формасында жасалған. Еділ-Орал археологиялық экспедициясының Ақтөбе қалашығына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі Л.Л.Галкин). Атырау қаласы. 1980 ж.

 

Қола қазан.

Ерте темір дәуірі, б.з. І-IV ғғ.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің археологиялық экспедициясы Қылыш-2 қорғанына жүргізген қазбасы кезінде табылған (жетекшісі Қ.Құдабай).Атырау облысы, Индер ауданы. 2012 ж.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru