Атырау облысы тарихи – өлкетану музейі 2016 жылғы 8 желтоқсан күні Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында «Қарттарын қадірлеген – ел ардақты» мерекелік шара өткізді.
Бұл шараның өзіндік ерекшелігі музей қорында жинақталған өнер майталмандары мен белгілі тұлғалардың киімдер коллекциясын музей қызметкерлері киіп, рольдерін сомдады. Музей қорындағы радио, патефондардан жүргізілген пластинкалық әуендерге қарттарымыз қосыла ән шырқап, би биледі.