«Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы» экспозициялық залы

Аталмыш экспозициялық залда  –  Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  тағылымға толы өмірінен мол мағұлұмат беретін тарихи деректер, жалынды жастық шағы мен қоғам қайраткері болып қалыптасқан кезеңдеріндегі фотосуреттері қойылған. Арнайы залда Ұлт Көшбасшысының ел тізгінін қолына алып,  мемлекетімізді өркендету жолында жасаған іргелі істерінің тарихи сәттерін бейнелейтін архивтік құжаттар  көпшілік назарына ұсынылған. Осы залда сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен ұлттық рәміздеріне арнайы орын бөлініп, Ұлттық валютаның енгізілуі, Қазақстан  Халқы Ассамблеясының құрылуы, Қазақстанның Бірікккен Ұлттар ұйымына мүше болуы туралы құжаттық деректер қойылып, Атырау облысының тәуелсіздік жылдарында экономика мен мәдениетте қол жеткізген жетістіктерін баяндайтын анықтамалар мен фотосуреттер орналастырылған. Залды тамашалаушылар Елбасының Атырау өңіріне жасаған сапарлары кезіндегі түскен суреттерін, «Теңізшевройл» ЖШС, «АтырауМұнайМаш» ЖШС сынды ірі кәсіпорындарды алғашқы болып іске қосқан тарихи сәттерін көрсеткен фотожәдігерлерді тамашалайды. Сонымен қатар, бұл залда ерен тұлғаның бастамасымен басылған егеменді еліміздің тұңғыш ақшаларының үлгілері жұртшылық назарына ұсынылған.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru