«Ядролық қарусыз әлем» атты тақырыптық сабағы

Атырау облысы тарихи – өлкетану музейі 2016 жылғы 29 қарашада  Ф.Досымова атындағы №12 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында «Ядролық қарусыз әлем» атты тақырыптық сабақ ұйымдастырды.

Сабақ Мемлекет басшысының әлемдік тарихтағы теңдесі жоқ шешіміне ядролық қарудан бас тартуына және Семей ядролық полигонының жабылуына арналғанжобасына байланыстыоқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары, тіршілік иелеріне өте зиян келтіретіндігі, қоршаған ортаның ластануы, келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екендігін түсіндіріп, толық мағлұматтар беру,  өз еліне,  туған жеріне деген сүйіспеншілігін сақтай отырып оның табиғатын, табиғат байлықтарын қорғауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі, полигондағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері, зардаптары, 1989 жылы Қазақстанда Невада – Семей халықтық қозғалысының құрылуы, Елбасының ядросыз әлем жасау, «Атом» жобасы жөніндегі бастамаларыайтылып, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Семейдегі атом полигонын жабу туралы 1991 жылы 29 тамызда Жарлыққа қол қойғанына 25 жыл толуы, Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланғаны жөнінде толық мағлұматтар берілді.

Сонымен қатар Семей ядролық полигоны, Семей полигонына жақын жерде орналасқан ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайы, Семей полигонының әсерінен қатерлі ісік, жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан кемтар балалардың тағдыры, көрген қиыншылықтары жөнінде деректі фильм көрсетілді.

Сабаққа Ф.Досымова атындағы №12 орта мектебінің 9 сынып оқушылыры мен ұстаздары қатынасты.

Шара соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru