Сараптамалық қор сатып алу кеңесі

 

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы қорына мәдени құндылықтарды қабылдау Сараптамалық қор сатып алу комиссиясы арқылы жүзеге асырылады.

Сараптамалық қор сатып алу комиссиясы мұражай Жарғысында қарастырылған тәртіпте мұражай басшысы бекіткен ережеге сәйкес жұмыс істейтін мұражайдың тұрақты қолданыстағы кеңестік топ болып табылады.

«Мұражай құндылықтарын есепке алу және сақтау тәртібі, мұражай қорының мұражай заттары мен мұражай коллекциясын жинақтау, есеп жүргізу, сақтау, реставрациялау және пайдалануды ұйымдастыру туралы нұсқаулық» негізінде мұражай басшысының бұйрығымен мұражайдың сараптамалық қор сатып алу комиссиясы құрылып, қазіргі уақытқа жұмыс жасауда.

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының

сараптамалық қор сатып алу комиссиясының

Е Р Е Ж Е С І

1. Мұражай қорына қабылданатын мәдени құндылықтардың тарихи-мәдени, ғылыми, көркемдік және мұражайлық маңызын анықтау мақсатында сараптама жүргізіледі;

2. Мәдени құндылықтар сараптамасын мұражай қорына енгізу мақсатында мұражайдың сараптамалық қор сатып алу комиссиясы жүзеге асырады;

3. Мұражайдың сараптамалық қор сатып алу комиссиясы (СҚСАК) мұражай басшысының бұйрығымен бекітіледі;

4. СҚСАК құрамына мұражайдың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ жеке жоғары білікті мамандар да (қажеттілігіне қарай) кіре алады.

5. Қажеттілік туындаған жағдайда мәдени құндылықтарды анықтау үшін бейтарап мамандардың сараптамалық тұжырымыдарын алуға болады;

6. СҚСАК қабылданған шешімдер, отырысқа оның құрамының 3/2-і қатысса, заңды болып табылады. Шешім СҚСАК отырысына қатысқан мүшелердің басым дауысына байланысты қабылданады. Дауыс тең түскен жағдайда шешімді СҚСАК төрағасы қабылдайды.

7. СҚСАК мүшелерінің жазбаша түрде берілген ерекше пікірлері хаттамаға қоса тігіледі.

8. Шешімді дауыс беруге тек СҚСАК мүшелері құқылы. Шақырылған кеңесшілер мен сарапшылардың кеңестер беруге ғана құқықтары бар. Олар дауыс беруге қатынаспайды.

9. СҚСАК шешімі отырысқа қатысқан әрбір комиссия мүшесінің және шақырылған тұлғалардың тегі, есімі, әкесінің аты, күн тәртібі, шешімнің дәлелі (аргументі) хаттамамда рәсімделеді.

10. СҚСАК отырысы мұражай жұмысының жылдық жоспарына сәйкес тоқсанына 1 реттен кем емес өткізіледі.

11. Мұражай құрылымдары бөлімшелерінің басшылары СҚСАК хатшысына барлық қажетті материалдар мен ұсыныстарды, СҚСАК кезекті отырысының күн тәртібіне енгізу үшін, отырыстың өткізілуіне 10 күн қалғанда (одан кешіктірмей) тапсырулары керек.

12. Аудандық мұражайға қабылданатын мәдени құндылықтарды қабылдарда аудандық бөлім меңгерушілері қатынасады.

13. СҚСАК негізгі міндеттері:

- анықталған мәдени құндылықтардың сараптамасын жасау;

- сатып алынған жағдайда олардың құнының бағалануын жүргізу;

- жаңадан түскен мұражай заттары мен мұражай коллекциясын мұражайдың негізгі және қосалқы қорларға жіберу (енгізу);

- мұражай қорын коллекция бойынша классификациялау, жаңа қор коллекциясын ұйымдастыру және оларға шифр қою;

- мұражай заттары мен мұражай коллекциясы есепке алу-тіркеу құжаттарына бір мезгілде үлкен көлемде түсіп, оларды тіркеу нұсқаулықта көрсетілген мерзімде жүргізілмеген жағдайда, тіркеудің қосымша мерзімін белгілеу (археология, нумизматика, мұрағат құжаттары, геологиялық, палеонтологиялық, ботаникалық, зоологиялық және басқа да үлгілер);

- уақытша пайдалануға, соның ішінде шетелдік көрмелерге берілген мұражай заттарының сақтандыру бағасын анықтау;

- мұражай заттары мен мұражай коллекциясының бар болуын тексеру актілерін қарау және бекіту;

- мұражай заттарының сипаттамасындағы өзгерістерді реставрация, ғылыми зерттеулер және басқа да себептердің нәтижелері бойынша бекіту;

- мұражай заттарын бір қор коллекциясынан екіншісіне ауыстыру туралы шешімді қабылдау;

- есепке алу, жүргізу құжаттамаларын ауыстыру (қайтадан жазу) қажеттігі және дұрыстығы туралы мәселелерді қарау болып табылады.

14. СҚСАК өзінің құзыреті шегінде:

- өзінің құзырына жататын мәселелер бойынша мұражай басшылығын хабардар етуге;

- мұражай заттары мен мұражай коллекциясының сақталуын қамтамасыз ету және есепке алу-сақтау жұмыстары бойынша мұражайдың жеке қызметкерлеріне және құрылым бөлімшелерінің басшыларына ұсыныстар беруге және тыңдауға;

- мұражай бөлімшелерінің басшыларынан және жеке қызметкерлерден мұражай заттары мен мұражай коллекциясының бүлінген, сынған, жоғалған себептері туралы жазбаша түсініктеме талап етуге;

- мұражай заттары мен мұражай коллекциясына сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша тұжырым талап етуге, ұсыныстар енгізуге;

- СҚСАК отырысына дұрыс дайындалмаған, сапасыз құжаттарды кері қайтаруға құқылы.

 


 

 


 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru