Атырау облысы тарихи -өлкетану музейінде 2016 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған «Ата заң - Тәуелсіздік пен мемлекеттің тірегі» тақырыбында тарихи-тағылымдық сабақ өткізілді.
Сабақ жас ұрпақ санасына Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің тірегі ретінде Ата заңның тарихи жөнінде түсінікті тереңдету, еліміздің негізгі заңының жасалу тарихын, оның мәні мен маңызын жеткізу, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту мақсатында өткізілді.
Сабақта Бүкілхалықтық талқылауға түскен Ата Заң егеменді еліміздегі басты құжат екендігі, Қазақстан Республикасы Конституциясының бөлімдері, баптары, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негізгі көзқарастарын, мемлекеттік органдардың құрылуы және қызмет істеу принциптерінің бекітілгендігі кеңінен насихатталып, Ата заңның тарихына арналған слайд көрсетілді. Сабаққа Атырау қаласының оқушылар орталығынан бастауыш сынып оқушыларымен ұстаздары қатысты.