Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2016 жылғы 27 қараша күні сағ: 14.00-де Бейбітшілік пен бірлік және Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихына байланысты «Мәңгілік елдің құндылықтары» және «Қазақтың ұлттық бас киімдері» тақырыбында тағылымдық сабақ өткізілді.
Тағылымдық сабақ барысында «Қазақстан Тәуелсіздігі» экспозициялық залында «Қазақстан – татулық пен келісім мекені» видеоролигі көрсетілді. «Мәңгілік елдің» түйінді құндылықтары - бейбітшілік, келісім, патриотизм, бірлікті, татулықты ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы шаңырағының астына жиналған сан түрлі этномәдени бірлестіктердің тыныс-тіршілігі, Атырау облысында тіркелген этно-мәдени бірлестіктердің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы таныстырылып, тұрақты экспозиция жәдігерлері арқылы насихатталды.
Сондай-ақ, «Этнография» залындағы экспозицияда тұрған ұлттық бас киім үлгілері: айыр қалпақ, қасаба, шархат, тымақ, сәукеле арқылы жас ұрпаққа көне заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық бас киім ерекшеліктері, жасалу жолдары және бас киімге қатысты ырым-тиымдармен кеңінен таныстырылды.