Атырау облысы тарихи - өлкетану музейінде 2016 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» бағытында Мемлекеттік шекара тақырыптық күніне орай экскурсия сабағы өткізілді.
Сабақ барысында шекарашы сарбаздарға мемлекеттілік пен егемендіктің маңызды белгісі ретінде мемлекеттік шекараларды халықаралық – құқықтық ресімдеу процесіндегі Мемлекет басшысының жоғарғы рөлі туралы айтылып, Отан алдындағы борыштарын адал орындауда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлік жолдары мен Еліміздің Тәуелсіздігі жылдарындағы жетістіктері кеңінен насихатталды.
Экскурсиялық сабаққа Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің №2016 әскери бөлімінің капитаны Е.Демесинов және шекарашы сарбаздар қатысты.