Музейдің құрылу тарихы
Қазақ халқының рухани асыл қазыналарын жинақтап, Атырау өңірінің құнды жәдігерлерін сақтап, тарихи мұралардың баға жетпес құндылығын көпшілікке насихаттап жүрген Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі – Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Гурьев облысы бойынша ұйымдастыру комитетінің 1939 жылғы 22 шілдедегі № 23 «Облыстық музейді ашу жөніндегі» қаулысымен ашылған. Ал 1940 жылы 5 қарашада жалпы көлемі 240 шаршы метрлік орыстың бұрынғы шіркеу үйі (1886 жылы негізі қаланған, қазіргі Әйтеке би, бұрынғы Орджоникидзе көшесіндегі №14 үй) орнында ресми түрде ашылып, барлығы 264 жәдігермен алғашқы көрерменін қабылдаса, 1999 жылы 3 қыркүйекте лайықталып өңделген Б.Момышұлы көшесіндегі № 3, екі қабатты бұрынғы мәдени – ағарту училищесі ғимаратына көшірілді. Бүгінде ғимараттың жалпы көлемі - 3658 шаршы метр, экспозициялық көлемі – 916,72, қор сақтау бөлімі 130 шаршы метрді құрайды. Қазіргі күні музейде 7 экспозициялық зал жасақталған.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru