АЛ1 min2019 жылдың  4 сәуірінде Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  ҚР Тұңғыш Президенті  Н.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы Жібек жолы» бағыты аясында ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қаласынан қазба жұмыстары нәтижесінде табылған музей қорындағы археологиялық құнды  жәдігерлерді  насихаттау мақсатында  «Ақтөбе-Лаэти»  көрмесінің  ашылуы  өткізіледі.

МК4 minТұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтің  жолдаған «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласына орай  2019 жылдың 28 наурыз және 1 сәуір  күндері «Туған жер – тұғырым» тақырыбы аясында музейлік квест-3 интеллектуалды байқауының іріктеу кезеңдерін ұйымдастырды.

Б1 min     13 наурыз 2019 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларына орай ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту және жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу, ел арасында бата берушілерді насихаттау мақсатында Республикалық «Ардагерлер Ұйымы» Орталық кеңесі және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен бата беруші ардагерлер арасында өткен «Батаменен ел көгерер» республикалық ашық байқауы  өткізілді.

зергер min2019 жылдың 5 наурызында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» бағыты бойынша қазақ халқының зергерлік өнері туралы түсінік беру, зергерлік өнердің тылсым құпияларын ашу, музей қорындағы жинақталған зергерлік бұйымдардың жасалу жолдары мен әртүрлі өрнектердің сырына үңіле отырып, ұрпақтан – ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан зергерлік өнерді насихаттау және үйрету мақсатында  «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінде Халықаралық және республикалық қолөнершілер байқауының жеңімпазы, қолөнер  шебері  Қайрат Шапабаевтың «Зергердің өзі – көненің көзі» тақырыбында зергерлік бұйымдар жасаудан шеберлік сағаты өткізілді.

ал.о1 2019 жылдың 7 ақпанында сағат 15.00-де Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жас ұрпақты қазақ халқының ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе   жатқан қолөнер бұйымдарының тылсым құпияларымен таныстыру, халық өнерін қастерлеу, үлгі тұту,  үйренуге баулу және   насихаттау мақсатында «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің 2018 жылғы жұмысын қорытындылау  шарасы өтті.

байбакты ата min 2019 жылдың 16 қаңтар күні  Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы  «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша атақты көріпкел әулие Байбақты ата Қармысұлын ұлықтау және ата қамшысының қасиетін насихаттау мақсатында «Байбақты атаның  қасиетті қамшысы» танымдық  шарасы өтті.

 

 DSC0835

Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау Мемлекеттік университеті ұйымдастыруымен 2018 жылғы 24 желтоқсанда «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру» ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

48366304 972218883165794 8889264147192086528 oАтырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2018 жылы 13 желтоқсан күні Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы З.Серікқалиұлының 80 жылдығына орай «Сарабдал сынның сардары» шарасы өтті.

ANU 6611 2018 жылдың 29 қараша күні Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, профессор Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай «ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ - ҰЛЫ МҰРАТ ЖОЛЫНДА» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 2018 жылы 14 қарша күні  Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  болашақ қаржыгер, есепші, мамандарын даярлап жатқан оқу орындарының студенттері мен Атырау Білім-Инновация лицейінің оқушылары арасында   «Теңге-ұлттық табыстың кепілі» сайысы  өтті.

 Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу, халқымыздың асыл мұрасы ұлттық саз аспабы домбыраны жасап үйрену мақсатында өлкеміздің домбыра жасаудан қолөнер шебері Нұрлыбек Бисенбаевтың шеберлік сағаты өтті.

Бүгін Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында өлкеміздің ағаш бұйымдарының қолөнер шебері Жұмалиев Талғат Серікбайұлының шеберлік сағаты өткізілді. 
Т.Жұмалив шеберлік сағатында ағашқа ұлттық нақыштағы ою-өрнекті салудың ең тиімді әдістерін меңгертіп және ағаш табақ, тостаған сияқты ағаштан жасалған ыдыстарға өңдеу мен сәндеудің қыр-сырын үйретті. Шеберлік сағатына қызығушылық танытқан студенттер мен қала тұрғындары қатынасты.

Атырау облысы әкімдігі, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 31 қазан күні Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай ұлтымыздың өзге ұлттардан өзгешеленіп тұратын ұлттық құндылықтарымыз, ата-бабамыздан мұра болып жалғасып келе жатқан, ежелден берік ұстанған салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды жалғастыруда «Өнегелі әже» облыстық байқауы өтті.
Байқауға Атырау облысы және қалалық іріктеу сайыстарында өткен жүлделі орындарға ие болған 8 үміткер қатынасты.
Байқаудың шарты бойынша үміткерлер бес бөліммен бағаланды.
1.Таныстыру. Яғни, сайыскерлеріміз отбасы туралы эссе жазып, портфолило жасап әкелу;
2.Бесік жырын айу;
3. Ертегі айту (бүгінгі заманғы кейіпкерлерді қосу арқылы);
4.Ұлттық тағам дайындау, сипаты мен құндылығын айту (бейне фильмде қалай дайындағанын толық көрсету).
5. Қолөнер – ұлттық нақышта әзірленген бұйымдарын таныстыру (замануи жасалған ұлттық қолөнер бұйымдарыныңың жасалу жолын бейне фильмде көрсету)
Байқауға қатынасушыларға Атырау облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы - Нұрсауле Сайлауова (төрайым), еңбек ардагерлері – Нұржиян Абдолова, Тамара Амантурлина, «Әлеуметтік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Жанат Асабаева, облыстық мәслихат депутаты, «Атырау облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, «Бизнес және құқық» колледжінің директоры - Нұрлы Әйтиева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалым хатшысы, қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты - Баянсұлу Тыныбаева және Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипова бастаған қазылар алқасы құрамы қазылық етті. Шарада әр ауданнан келген әжелер ансамблі ән шашуларын арнады, сахна музей қорындағы этнографиялық ұлттық жәдігерлермен безендірілді. 
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әжесі Жаннат Құрманғалиева, ІІ орынды Атырау облысы, Индер ауданының әжесі Бақытжан Жайымова, ІІІ орынды Атырау қаласынан Сәуле Қайрош иеленді. Байқауға қатынасқан әжелер «Парасатты әже», «Өнерлі әже», «Ісмер әже», «Дарынды әже», «Абзал әже» номиациясымен марапатталып, Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Парақшамызда қазан айының 2-ші жұлдызында тікелей эфирден көрсеткендей музейдің ғылыми қорына тарихи құндылықтарды қабылдау сараптамалық комиссиясының кезекті отырысы  өтті.

 Қор сараптамалық комиссия отырысында «Мен сыйға тартқан жәдігер» акциясы және «Отбасымен музейге» фестивалі аясында қала, аудан тұрғындарының сыйға тартқан заттай және құжаттай материалдары қабылданды.

 Нәтижесінде облыстық музей қоры белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері С.Мұқашевтің жеке қорында жинақталған түрлі тақырыптағы төс белгілер (значоктар) коллекциясымен, 1911 жылы Қазан баспасынан шыққан араб жазуымен жазылған діни кітапшамен, 1980 жылдары қолдан тоқылған түйе жүн жемпір және белдемше, фонарь, білтелі шам, «Сириус» радиолласы, 1957 жылы тоқылған алаша мен құр, шойын қазан, іс машинасы, кебеже секілді құнды жәдігерлермен және аудандық музейлер бөлімшесінің қоры Ұлы Отан соғысының ардагері Сабырғалиев Төлеудің заттай және құжаттай материалдарымен, Исатай аудандық спорт мектебінің заттай материалдарымен (кубок, медальондармен), Қазақ КСР-інің Балық өнеркәсібі Халық Комиссары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Әбішев Шайхының 1958 жылдары пайдаланған телефон аппараты,  Жайықмұнай басқармасына Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің ескерткіш туы,  ұлы күйші Дина Нұрпейісованың бейнесі бейнеленген кілемшемен, Құрманғазы ауданының азаматы Бектенов Мұхтасифтің (Латиф) құжаттай материалдарымен, белгілі қоғам қайраткері Сабырова  Мелләттың заттай және құжаттай материалдарымен, ҚР Халық әртісі Әзидолла Есқалиевтің, Ж.Нәжімеденовтің, Қаюпова Ақбаланың, Темірташев Құмардың, Құттықадамов Аманғалидың заттай және құжаттай материалдарымен толығатын болады.

22 қыркүйекте  сағат 11.00-18.00 аралығында Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы - қолөнер шеберлерініңқолынан шыққан туындыларымен таныса отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұту және насихаттау мақсатындаа жергілікті қолөнершілермен 

2018 жылдың 20 қыркүйек күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Музей саласындағы ақпараттандыру жұмыстары» ғылыми-тәжірибелік семинары өтті. 
Аталған семинар Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында және рухани жаңғыру міндеттері тұрғысында мәдени мұраларымызды зерттеу және насихаттау бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Музей қызметіндегі ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты өзекті мәселелер талқыланды. 
Ғылыми-тәжірибелік семинардың кіріспе сөзін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директорының орынбасары Қ.Ақтаева мен Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары А.Жолаев ашты. 
Семинарға қатынасушылар Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің музей құндылықтарын есепке алу және сақтау бойынша АС «Музей» аватоматтандырылған жүйесін жетілдіру аясындағы зерттеу және тәжірибелік жұмыстарының қорытындысымен танысып, пікір алмасты. 
Семинарға Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық және аудандық музейлер қызметкерлері, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатынасты. 
Семинар қорытындысы бойынша қатынасушыларға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының сертификаттары табыс етілді.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2018 жылдың 13 қыркүйек күні Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Отбасымен музейге» фестивалі өтті.
«Отбасымен музейге» фестиваліне облыс, аудан көлеміндегі музейлермен тығыз байланыста жүрген танымал 7 өнегелі отбасы қатынасты. Олардың қатарында: Зинуллиндер отбасы (Құрманғазы ауданы), Бермағанбетовтер отбасы (Исатай ауданы), Қарабалиндер отбасы (Қызылқоға ауданы), Жанболатовтар отбасы (Мақат ауданы), Ұзақбаевтар отбасы (Махамбет ауданы), Ақназаровтар отбасы (Жылыой ауданы), Досниязовтар отбасы (Атырау қаласы) болды.
Фестивальге қатысушы отбасылар «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер...» турында жеті атасын таныстыра отырып, отбасының жетістіктерін паш етсе, «Музейдегі ұмытылмас сәттер» турында естелік фото, видеосюжет арқылы музейде өткен сәттерін, оқиғасын баяндады. «Отбасы өнерінде» дайындап алып келген өнерлерін ортаға салса, «Мен сыйға тартқан жәдігер» турында музейге отбасылық жәдігерлерді сыйға тарта отырып, тарихын баяндады.
Қазылар алқасының шешімімен фестивальге қатысушы Қызылқоға ауданынан келген Қарабалиндер отбасы «Ұлағатты отбасы», Құрманғазы ауданынан келген Зинуллиндер отбасы «Тағылымды отбасы», Жылыой ауданынан келген Ақназаровтар отбасы «Өнегелі отбасы», Мақат ауданынан келген Жанболатовтар отбасы «Жарасымды жанұя», Исатай ауданынан келген Бермағанбетовтер отбасы «Парасатты отбасы», Атырау қаласынан келген Досниязовтар отбасы "Өнерлі отбасы" номинациясымен марапатталып ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Отбасылар арасынан отбасы мүшелерінің ұлттық үлгіде киінуімен, жеті атасын әулеттің атасы өзі таныстырып айтуымен, келіннің иіліп сәлем салуымен, тапсырған жәдігерлерінің құндылығымен, балаларының жетістіктерімен алға шыққан Махамбет ауданынан келген Ұзақбаевтар отбасы «Үздік отбасы» болып танылып, Көне Тараз қаласының тарихи орындарына жолдаманы ұтып алды.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru