Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі археология ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Ерте темір кезеңі ескерткіштері» тақырыбындағы танымдық сабағы

Атырау облысы тарихи - өлкетану музейі 2016 жылғы 17 қарашада сағат 11:00-де «Ерте темір кезеңі ескерткіштері» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Сабақты археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы М.Әбдіғалиев жүргізді. 

Атырау қалалық білім беру бөліміне қарасты № 9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушыларына сабақ барысында Атырау өңіріндегі тарихи-археологиялық орындар туралы мәліметтер беріліп, өлке тарихы мәдени мұраларымыз туралы баяндалып, ежелгі кезеңдерге қатысты облыс аумағындағы археологиялық ескерткіштер туралы слайд көрсетілді.Танымдық сабаққа барлығы 52 оқушы 4 мұғалім қатынасты.Сабақ соңында оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауаптар беріліп, қазба жұмысы кезінде табылған тұрмыстық тас бұйымдарды қолмен ұстап көруге мүмкіншілік берілді.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru