Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінде 2016 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – 25 негізі» бағытында «Дәстүрлі отбасылық құндылықтар» атты тағылымдық сабақ ұйымдастырылды.
Тағылымдық сабақ сан ғасырлық тарихын ән мен жырға қосқан, ата - бабамыздың асыл дәстүрінің аясын кеңейту, ұлттық тәрбиенің құндылығын ұрпақ санасына сіңіру, жас буын өкілдерінің бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыра отырып имандылыққа, ибалыққа, ұлтжандылыққа, әдептіліккетәрбиелеу мақсатындаөткізілді.
Сабақ барысында мемлекеттің мызғымас тірегі ретінде отбасы институты, бүгінгі қазақ қоғамындағы дәстүрлі отбасылық құндылықтар шілдехана, тұсаукесер, неке қию, қыз ұзату дәстүрлері слайд арқылы көрсетіліп, оқушыларға кеңінен түсіндірілді.
Музей көрермендері шараға белсенділікпен қатынасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды, одан әрі музейдің экспозициялық залдарын тамашалады.
Аталмыш сабаққа Ж.Жабаев атындағы № 21 орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары, музей қызметкерлері қатынасты.