2025 жылдың 23 сәуір күніАтырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде«Қазақ халқының ағаш ыдыстары сыры» тақырыбында уақытша көрме мен тағылымдық сабақ өтті. Шара барысында көрермендерге музей қорындағы ағаштан жасалған ыдыс түрлерін насихаттау мақсатында бірегей ағаш ыдыстар коллекциясы таныстырылды. Атап айтқанда: қасық, ожау түрлері, тостаған, саптыаяқ, кесеқап, секершаққыш, қымыз, шұбат құюға арналған ыдыс – тегене, күбі піспегімен, тары, бидай т.б. дәнді дақылдарды түюге ұнтақтауға арналған құрал - келі келсабымен, ет салатын үлкен ыдыс – астау және табақтардың түрлері, барлығы 30-дан астам жәдігер көрермен назарына ұсынылды.