Музей тарихы

Индер аудандық музейі Қазақстан Коммунистік партиясы Индер аудандық комитеті бюросының шешімімен 1977 жылы 30 қыркүйекте құрылып, 5 қарашада қоғамдық негізде жұмысын бастады.

1990 жылы музей Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесі ретінде қайта ашылып, бүгінде аймақ тарихын, мәдениетін, танымал тұлғаларын насихаттайтын маңызды мәдени мекеме ретінде қызмет етуде.

Ғимараттың жалпы көлемі - 240 шаршы метр. Музейде 5 экспозициялық зал орналасқан:

“Аудан тарихы”,

“Индер ауданының ардақтылары”

“Ұлы Отан соғысы” кезеңі

“Этнография”

“Өлке табиғаты”.

 Музей экспозициясында аудан тарихының деректері, қазақ халқының даңқты ұлдары Махамбет Өтемісұлының, Мұрат Мөңкеұлының, діни ғұлама Әйіп қажы Бекенұлының тұрақты экспозициялық көрмелері және халқымыздың ұлттық киімдері, қолөнер бұйымдары, басқа да көптеген құнды бұйымдар мен құжаттар жалпы саны 5750 қор сақталымы бар.

Индер аудандық музейі – өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтап, халыққа жеткізуде маңызды рөл атқаруда. Музей өз жұмысының бағыттары мен мазмұнын соңғы кезеңнің талаптарына сәйкес жетілдіріп, жас ұрпақтың білімділігін арттырып, ел тарихын қастерлеу мақсатында көрмелер мен тағылымдық мәдени шаралар өткізіп, тәрбиелік экскурсиялар ұйымдастырады.