Қарасаев Орынғали Мұсаұлының 100 жыл толуына орай көшпелі көрме



       2024 жылдың 23 қараша күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Атырау өлкесінің ардақтысы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері ҚарасаевОрынғали Мұсаұлының 100 жыл толуына орай өткен еске алу шарасына көрме ұйымдастырды.

     Қарасаев Орынғали Мұсаұлы өнегелі өмір сүріп, өзінің іскерлігімен және асыл қасиеттерімен қоғам төрінен абыройлы орын алған арда азамат еді. Оның ерлігі мен еңбегі жоғары бағаланып, II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Әскерге сіңірген қызмет үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», Жеңістің мерейтойлық медальдарымен, «Құрмет белгісі», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Атырау облысының және бірнеше аудандарының Құрметті азаматы атанды. Сондай-ақ Мәдениет майталманы 1985-1988 жылдары музейде басшылық еткен жылдары өлке тарихы мен әдебиетінің, мәдениетінің дамуына орасан зор үлес қосты. Көрмеге О.Қарасаевтың әр жылдары алған медальдары мен ордендері, төсбелгілері, куәліктері,көзі тірісінде өзі тұтынған көзәйнегі мен қол сағаты, блакноты және фотосуреттері т.б заттары қойылды. Көрмені шараға жиналған мәдениет, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері, ұрпақтары мен ағайын туыстары тамашалады.