«Тарих таңбасы: Төсбелгі » атты уақытша көрмесі
2026 жылғы 6 мамыр күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей қорында сақталған төсбелгілер мен медальдар коллекциясы негізінде «Тарих таңбасы: Төсбелгі» атты уақытша көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – тарихи марапаттардың мәдени-тарихи маңызын насихаттап, олардың артында тұрған тұлғалар мен дәуірлердің ерекшеліктерін көпшілікке таныстыру.
Экспозицияға музей қорындағы 77 жәдігер қойылып, Қазақстан тарихының әр кезеңін қамтитын марапаттар мен төсбелгілер ұсынылды. Көрменің негізгі бөлімдерінде Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезең медальдары, кеңестік дәуірдің тарихи белгілері, мұнай, теміржол, білім, ғылым және медицина салалары қызметкерлерінің марапаттары көрсетілді.
Сонымен қатар көрермен назарына Әлия Молдағұловаға арналған медаль, Халел Досмұхамедовке қатысты тарихи материалдар және Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі түрлі сала өкілдеріне берілген төсбелгілер мен медальдар ұсынылды.
Іс-шараға Бизнес және құқық колледжінің студенттері қатысып, көрмемен танысты. Экскурсия барысында келушілерге жәдігерлердің шығу тарихы мен маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Көрме тарихи сабақтастықты дәріптеуге, ұлттық мұраны насихаттауға және музей қорындағы құнды жәдігерлерді көпшілікке таныстыруға бағытталды.





