«Теңге – Тәуелсіздік нышаны» уақытша көрме
2025 жылғы 13 қараша күніАтырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай«Теңге – Тәуелсіздік нышаны» атты уақытша көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – келушілерге Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің шығу тарихы мен даму кезеңдерін таныстыру, сондай-ақ әлемдік валюталар, патшалық Ресей мен КСРО дәуіріндегі ақшалардың ерекшеліктерін көрсету болды.
Көрмеде музей қорындағы әр жылдары айналымда болған теңге үлгілері, әлем елдерінің ақша белгілері, патшалық және кеңестік дәуір ақшаларының коллекциясы көпшілік назарына ұсынылды. Ұлттық валюта күніне орайұйымдастырылған көрмеге О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің «Бухгалтер» мамандығының студенттері мен №38 лицейдің 5 және 9-сынып оқушылары жетекші мұғалімдерімен бірге қатысты. Келушілер алғашқы теңгелерде бейнеленген ұлы тұлғалар –Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан және басқа да тарихи қайраткерлердің бейнелерімен танысты. Ұлттық валюта күні – Тәуелсіз еліміздің экономикалық дербестігі мен егемендігінің айшықты символы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.