2025 жылдың 9 сәуір күні геология ғылымының маңыздылығын көрсету және жер байлықтарын зерттеудің адамзат дамуына әсерін түсіндіру мақсатында музейде «Жер қойнауын барлаушылар» тақырыбында уақытша көрме ашылды. Көрменің ашылу салтанатына Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері, Қ.Сатбаев атындағы жалпы білім беретін орта және N19 мектеп-гимназияның оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Көрмеге Қазақстан тарихында ерекше орын алған ғалым-геологтар Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі Қ.Сәтпаев, инженер-геолог, Лениндік Сыйлықтың лауреаты, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі Н.Имашев, бар өмірін Қазақстанның мұнай-газ геологиясын дамытуға арнаған, Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тәжірибелі инженер-геолог Х.Өзбекқалиев, Кеңес Одағы мен Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға айрықша үлес қосқан белгілі геолог, ғалым В.Токарев, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы-геолог Т.Жұмағалиев, еліміздің мұнай-газ саласында өзіндік қолтаңбасы бар зерттеуші ғалым, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» орденінің иегері Ғ.Хакімов, Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті геолог, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы, Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің қалыптасуына атсалысқан білікті маман М.Балғымбаев, КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі», КСРО мұнай өнеркәсібінің лауреат, тәжірибелі геолог, ғалым О.Есқазиев, Атырау өлкесіндегі геология саласын зерттеуде еңбегі сіңген қазақ халқына, тіпті КСРО көлеміне белгілі ғалым-геолог, минералды тұздардың кристалдық торының қалыптасу заңдылығын анықтаған академик, профессор М.Диаров және «КСРО-ның Құрметті кен барлаушысы», геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарның кандидаты Қ.Тұхфатовтың өмір жолына қатысты музей қорындағы құнды жәдігерлері мен құжаттары қойылды. Сонымен қатар көрмеде Қ.Сәтпаевтың 60-қа жуық түрлі минерал тастары да таныстырылып, қонақтарға минерал әлемімен тереңірек танысуға мүмкіндік берілді.