«Қазақстан Тәуелсіздігі» залы жаңартылуда

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан тарихы Тәуелсіз» экспозициялық залына реэкспозиция жұмыстары жүргізілуде.
Жаңарту жұмыстары барысында экспозицияның ғылыми-концептуалдық мазмұны қайта қаралып, жәдігерлерді орналастырудың жаңа шешімдері әзірленуде.
Экспозициялық залда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы, мемлекеттік нышандар, ұлттық валюта, мемлекеттік наградалар, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарындағы Атырау облысының өндірістік, мұнай-газ, балық шаруашылығы, индустриалды-инновациялық даму бағытындағы жетістіктері көрініс табады.
Қазіргі таңда залды жасақтау,  витриналарды тазалау, подиумдарды дайындау және жәдігерлерді іріктеу жұмыстары жалғасуда.