Музей тарихы

Махамбет Өтемісұлы тарихи-мәдени музей қорық-музейі 2012 жылы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесі болып құрылып, 2013 жыл өршіл ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 210 жыл толуына орай ресми түрде ашылды.

Музей ғимаратының жалпы ауданы 24 ш.м. құрайтын музей қорында батыр бабамыздың өмірі мен ерілк жолын насихаттайтын мұрағаттық құжаттармен қатар құнды кітаптары жинақталған барлығы 159 жәдігер бар. Махамбеттің күйшілік өнері мен күйлеріне арналған және «Махамбет атындағы сыйлықтың» лауреаттарына арналған экспозиция жасақталған.

Музей ұжымы бүгінгі күні облыс, аудан мен ауыл тұрғындары және қонақтарына батыр бабаның өмірі мен шығармалары жөнінде кеңінен мәліметтер беріп, батырлығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында еңбек етіп келеді.

Батыр бабамыздың Қарой жеріндегі мазары қорық ретінде 1992 жылы осы  музейдің құрамдас бөлігі ретінде құрылды. Қорыққа шет елдерден, республиканың түкпір-түкпірінен баба рухына тағзым етуші қонақтар жиі келіп тұрады.