«Ұршықтан бастау алған ұлттық өнер» көрмесі
2026 жылғы 17 наурызда Наурызнама мерекелік онкүндігі аясындағы «Шаңырақ» күніне орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұршықтан бастау алған ұлттық өнер» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің мақсаты – қазақ халқының отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, ұлттық қолөнер дәстүрлерін насихаттау.
Іс-шараға Республикалық «Ұршық» қоғамдық бірлестігінің шеберлері, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұстаздары мен студенттері, музей қызметкерлері қатысты.
Ашылу барысында музей басшысының орынбасары Айгүл Тілешқызы ұлттық қолөнердің маңызына тоқталды. Арнайы қонақ, Халықаралық қолөнер одағы мен Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, «Ұршық» бірлестігінің жетекшісі Салтанат Елеусінова жіп иіру өнерін жаңғырту бағытындағы жұмыстармен таныстырып, музей қорына бұйым табыс етті.
Көрме ұлттық қолөнерді насихаттауға және жас ұрпақтың мәдени мұраға қызығушылығын арттыруға бағытталды. Көрмені 40-қа жуық адам тамашалады.






