Музей тарихы

Исатай Тайманұлы атындағы аудандық музейі халық батыры Исатай Тайманұлының 200 жылдығын Республика көлемінде мерекелеуге байланысты 1991 жылы 21 қыркүйекте ресми түрде ашылды.

Музей ғимаратының көлемі 115,9 ш.м., экспозициялық көлемі 94,4 ш.м. құрайды.

Исатай ауданының тарихы мен мәдениеті, әдебиеті мен өнері, соғыс және еңбек ардагерлерінің өмірі мен ерлікке толы еңбек жолдары қамтылған музейде «Өлке тарихы», «Аудан тарихы» «Аудан ардақтылары», «Этнография, археология және өлке табиғаты» атты 4 экспозициялық залдар орналасқан.

Өлкенің қалыптасуы, дамуы, өркендеуі жолынан сыр шертетін мұрағаттық құжаттармен қатар құнды жәдігерлер жинақталған музей қорында ең алғашқы кезде 412 жәдігер қабылданса, күні бүгінде 6051 жәдігер бар.