
КИПИЕВ МҰХАМБЕТҚАЛИ ҚУАНЫШҚАЛИҰЛЫ
Кипиев Мұхамбетқали Қуанышқалиұлы 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары: 1999 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «тарих және құқық пәні мұғалімі», 2013 жылы «Қайнар» университетінің (Алматы қ.) магистратурасын «тарих» мамандығы бойынша, 2024 жылы Б.Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің (РФ, ҚР, Элиста қ.) аспирантурасын «Тарих ғылымдары және археология» мамандығы бойынша бітірген.
Гуманитарлық ғылымдар магистрі.
2011 жылы Ресейдің Мәскеу қаласындағы Өнер, мәдениет және туризм қызметкерлерін қайта даярлау академиясында біліктілігін арттырған. 2012 жылы Вашингтон (АҚШ) қаласындағы «Freer/Sacler The Smithsonian`s Museums of Asian art» музейінде Қазақстандық көрмені ұйымдастыруға қатысқан.
1994-2007 жж. Атырау облыстық мәдениет мекемелерінде қызмет атқарды.
- 2007-2008 жж. Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бастығы;
- 2008-2010 жж. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры;
- 2010-2013 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Қорды есепке алу, сақтау және қалпына келтіру бөлімшелерінің жетекшісі;
- 2013 ж. Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Бас директорының
бірінші орынбасары;
- 2014-2019 жж. Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына
келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы;
- 2019-2022 жж. Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу
орталығының басшысы;
- 2022 ж. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.
Тарих, археология, этнография, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен музей ісі туралы 50-жуық мақалалардың авторы, 20-астам басылымдардың шығарушысы және құрастырушы болып табылады.
Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамоталарымен марапатталған. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.