2025 жылдың 18 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне орай “Ұлттық киім – ұлттың көркі” уақытша көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихынан сыр шертіп, мәдени келбетімізді айшықтап, оны өзгелерден ерекшелеп, ұлттың рухани болмысымызды бейнелейтін асыл мұрамыз ұлттық киімді ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған көрмеге музей қорындағы 30-дан астам киімдер коллекциясы қойылды. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігін көрсететін маңызды белгілерінің бірі – ұлттық киімі. Қазақ халқының ұлттық киімдері өзінің әсемдігімен, қолданылу ерекшелігімен, қолөнерлік нақыштарымен және символдық мәнімен дараланады.

Көрменің ашылу рәсімінде көрермендерге ұлттық киім түрлерінің дайындалу жолдары, қолөнер ерекшеліктері таныстырылып, сұрақ-жауап түрінде ақпараттар берілді.
Көрмеге қойылған экспозиция қатарына:
• Сыртқы киімдер: шапан, күзенішік
• Сулық киімдер: шекпен
• Ішкі киімдер - көйлек, кәжекей, бешпент, жейде, шалбар
• Ерлердің бас киімдері: күләпара, түлкі тымақ, құндыз бөрік, айыр
қалпақ, тақия, құлақшын
• Әйелдердің бас киімдері: қасаба, сәукеле, кимешек, жаулық
• Аяқ киімдер: көксауыр кебіс, шоңқайма етік, саптама етік, мәсі толықтырды.
Көрменің ашылу салтанатына Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері мен BINOM мектебінің оқушылары қатысты.