“Кездейсоқ олжалар” көрмесі

2025 жылдың 10 ақпан күні көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы Оңайбай Көшекұлы Көшековтың туғанына 100 жыл толуына орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен «Парасат биігіндегі тұлға» еске алу шарасында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

«Парасат биігіндегі тұлға» атты жылжымалы көрме

2025 жылдың 10 ақпан күні көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы Оңайбай Көшекұлы Көшековтың туғанына 100 жыл толуына орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен «Парасат биігіндегі тұлға» еске алу шарасында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

«Сармат алтындары» көрмесі

2025 жылдың 27 қаңтар күні Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2023-2024 жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесін таныстыру мақсатында зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Сармат алтындары» 1 күндік көрмесі өтті.

Қарасаев Орынғали Мұсаұлының 100 жыл толуына орай көшпелі көрме

2024 жылдың 23 қараша күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Атырау өлкесінің ардақтысы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері ҚарасаевОрынғали Мұсаұлының 100 жыл толуына орай өткен еске алу шарасына көрме ұйымдастырды.

“Төл теңге тарихы” тақырыбында көрме

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2023 жылдың 14 қараша күні Ұлттық валюта күніне орай «Теңге төл тарихы» атты музей қорындағы әр жылдарда қолданыста болған ұлттық валютамыз теңге түрлерінен және XVIII-XX ғғ қолданыста болған әр елдің қағаз және тиын ақшаларынан уақытша көрме ұйымдастырылды

“Балығы тайдай тулаған өлке” музей қорынан уақытша көрме

Көрмеде өлкемізде алғашқы балық шаруашылығында пайдаланған Каспий теңізінен балық аулауға арналған балықшы көлігі болып табылатын «Реюшка» желкенді қайығының макеті, балық аулау құралдары, 1933 жылдары ашылған балық өңдеу комбинатының құрылу тарихынан сыр шертетін

«Қожа Ахмет Яссауи және шежірелі Түркістан» көшпелі көрмесі

2024 жылдың 18 қазанында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлерінен ұйымдастырылған «Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан» көшпелі көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» жылжымалы көрмесі

2024 жылдың 20 қараша күні «Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастырумен «Алтын киімді Тасқопа көсемі» жылжымалы көрмесі ашылды.

Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясындағы «Бірлік керуені жобасы шеңберінде «Көшпенділер әлемі» Этноауыл жобасында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінен ұйымдастырылған көшпелі көрмесі

2024 жылы 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Этноауылда» Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық және этнографиялық коллекцияларынан көшпелі көрме ұйымдастырылды.

«Домбыра-Дастан» көрмесі

2024 жылдың 23 қазан күні Қызылорда облысы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 25 қазан – Республика күніне орай С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Домбыра-Дастан» көшпелі көрмесі ашылды.

«Ұлы Дала жауһарлары» тақырыбындағы көшпелі көрмесі

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 8 қазан - 23 қараша аралығында аудан тұрғындарына археологиялық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұлы Дала жауһарлары» тақырыбындағы көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

«Поэзия падишасы - Фариза» көрмесі

2024 жылдың 21 қараша күні Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай өткен әдеби сазды кеште «Поэзия падишасы - Фариза» көрмесі ұйымдастырылды.

«Қарашүңгіл - Қазақстандағы алғашқы мұнай кен орны» көрмесі

Қазақстандағы тұңғыш мұнай бұрқағы атқылағанына 125 жыл толуына орай музейде «Қарашүңгіл - Қазақстандағы алғашқы мұнай кен орны» уақытша көрмесіашылды.

...

Келушілерге арналған

Музейде бірінші рет? Біздің бағдарламаларды тексеріңіз

...

Көрмелер

Біздің көрмелер туралы біліңіз

...

Музей туралы

Біздің музей туралы біліңіз

...

Жинақтар

Біздің жинақтарды қараңыз

...

Филиалдар

Біздің филиалдарымыз - тарихи мұраның орны

...

Кері байланыс

Бізге хабарласыңыз




Атырау қ. Б.Момышұлы,3
8(7122) 32 81 36
8(7122) 32 36 64
Atyrau.museum@mail.kz