Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көшпелі көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлардан сыр шерткен Атырау» атты көшпелі көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2021 жыл басында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің археолог мамандары қазба жұмысы кезінде табылған темір сауытты тарихи құндылықтың қаңқа сүйектері мен бас сүйегіне зерттеу жұмыстарын жүргізген мақсатында Мажар (Венгр) жаратылыстану ғылымдары музейінің қызметкерлерін арнайы шақыртқан болатын. Бірақ, зерттеу жұмысын толыққанды зеттеу жұмысын жүргізу үшін музейде арнай құрылғылардың болмауына байланысты антропологиялық және радиокарбонды зерттеулер жұмысын жүргізу және бас сүйегін қалпына келтіру мақсатында тарихи құндылықтың кейбір бөліктері Мажар (Венгр) жаратылыстану ғылыми орталығына жіберілді.
Жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес наурыз айында көрмелік жұмыстар бойынша жалпы және қазіргі кезең тарихын ғылыми зерттеу секторының сектор жетекшісі А.Рамазанова «ХІІ-ХХ ғ.ғ өлке тарихы» залына экспозициялық көрмелік жұмыстар жүргізді. Көрменің тақырыптары мен залдың экспозициялық мазмұны өзгертілді.
Музей қоры Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Исатай ауданының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері, композитор, ұстаз Самат Сұлтанбекұлы Мәдиевтің жеке тұтынған бұйымдарымен толықты.
23 наурыз күні «Жоралғылар» күніне орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Исатай аудандық бөлімшесінің «Әлди бөпем құт бөпем» тақырыбында ауданның ақ жаулықты әжелері арасында онлайн сайыс өткізілді.
21 наурыз - "Ұлттық тағамдар күніне" орай Атырау облысы тарихи-өлкенату музейі "Ұмытылмаған ұлттық тағамдар" тақырыбында онлайн көрме өткізді. Көрме барысында әлеуметтік желі қолданушыларына қазақтың табақ тарту ерекшеліктері мен ережелері туралы түсінік беріліп, музей қорындағы ет тағамдарының муляжы көрсетілді.
Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы аясында 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік» күніне орай Құрманғазы аудандық музейінің ұйымдастыруымен «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» тақырыбында мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.
17 наурыз күні М.Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық, тарихи қорық-музейінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған 10 күндік аясында Тарихқа тағзым күні Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналған «Мен егеулі найзамын егескенге» тақырыбымен әдеби шара болып өтті.
18 наурыз «Игі істер күніне орай» Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін арнайы «Біз біргеміз» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.
2021 жылдың 16-шы наурыз күні сағат Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің Палеонтология бөлімшесінде мезозой эрасының бор дәуірінде тіршілік еткен жануарлар әлеміне саяхат жасау, оқушыларды жойылып кеткен жануарлар туралы жаңа мәліметтермен таныстырып, олардың жойылып кету себептері жөнінде мағлұматтар бере отырып, теңізде тіршілік еткен жануарлар әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ZOOM бейнебайланыс бағдарламасы арқылы "Бор тауларының құпиясы " тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
16 наурыз Шежіре күні.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көктем мерекесі - Наурыз мейрамына орай бекітілген тұжырымдамасына сәйкес 10 күндік мәдени шара жоспарын жасақтады. Осыған орай 15 наурыз – «Жайлау күніне» музей жанынан құрылған «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің мүшесі, ши тоқу шебері Жанар Карабалинаның шеберханасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың қолөнерін насихаттау мақсатында тікелей эфирден шеберлік сағаты өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2021 жылдың қаңтар айында "Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын" ұсынған болатын.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Жас экскурсоводтар» клубы қазіргі таңда өз жұмысын қарқынды жүргізуде.
Жылма-жыл дәстүрлі түрде Боран Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» музейінде Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың ерлік көрсеткен күніне орай ақпан айының басында түрлі шаралар өткізу үрдіске айналған.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына орай музейдің және музей бөлімшелерінің қорларындағы аса құнды жәдігерлерден «Палеонтологиялық», «Археологиялық», «Зергерлік бұйымдар», «Қару-жарақтар», «Саз аспаптары» коллекциялары ғылыми каталогтары қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерінде жарық көрді. Ғылыми жинақты дайындау барысында жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың мерзімделуі, материалы, техникасы, өлшемі, сынамасы, қолданылуы, есептік белгісі және ғылыми анықтамасы жазылып, нәтижесінде ғылыми зерттеумен айналысатын мамандарға арналған үлкен жинақ баспадан жарық көрді. !!! Ғылыми катологтардың электронды нұсқасымен әр коллекция атауының астындағы сілтемелерді баса отырып таныса аласыздар
Бүгін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Zoom бейнебайланыс платформасы арқылы 2020 жылғы есептік жылды қорытындылау жиналысы өтті. Жиын барысында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің және музейге қарасты аудандық бөлімшелердің 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі мен «Atyraý» телеарнасының бірлескен жобасы «Атырау квест» бағдарламасы жаңа маусымда жаңа қатысушылармен көрермен назарына 2020 жылдың 4 қыркүйегінен бастап ұсынылып, ағымдағы жылдың 18 мамыр – халықаралық музей түніне дейін жоспарланып отыр.