2021 жыл басында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің археолог мамандары қазба жұмысы кезінде табылған темір сауытты тарихи құндылықтың қаңқа сүйектері мен бас сүйегіне зерттеу жұмыстарын жүргізген мақсатында Мажар (Венгр) жаратылыстану ғылымдары музейінің қызметкерлерін арнайы шақыртқан болатын. Бірақ, зерттеу жұмысын толыққанды зеттеу жұмысын жүргізу үшін музейде арнай құрылғылардың болмауына байланысты антропологиялық және радиокарбонды зерттеулер жұмысын жүргізу және бас сүйегін қалпына келтіру мақсатында тарихи құндылықтың кейбір бөліктері Мажар (Венгр) жаратылыстану ғылыми орталығына жіберілді.
14-19 сәуір күндері аралығында Мажарстан ғалымдары, Мажар-Тұран қорының президенті, антрополог Андраш Жолт Биро, антрополог Жолт Бернерт сарапшы-техник Норберт Гогош Атырауға арнайы мақсатпен «темір сауытты» баһадүрдің бас сүйегіне антропологиялық және бірге табылған ағаш, темір, сүйек, топырақ құрамдарына радиокарбонды зерттеу жұмыстарын жаңа технологияларды пайдалана отырып, зерттеу қорытындыларын жасады. Бас сүйекке жасалған зерттеулер арқылы реконструкциясын жасап, гипс материалынан қола түске боялынған бас мүсіні арнайы алып келінді. Зерттеулер қорытындысы бойынша табылған тарихи құндылық «Темір сауытты» жауынгер X-XI ғасырға тиесілі екені анықталды.
16 сәуірде 2020 жылы Қызылқоға ауданы, Миялы қорғандар тобына жүргізілген археологиялық қазба жұмысы барысында табылған «темір сауытты жауынгердің» антропологиялық және радиокарбонды зерттеулер нәтижесін таныстыру мақсатында Мажар (Венгр) жаратылыстану ғылымдары сарапшыларының қатысуымен пресс конференция өңірлік комуникациялар қызметінің тікелей эфирдінде және Атырау облыс әкімдігінің фейсбук парақшасында өтті. Прес-конференцияға «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық дәрежедегі қалпына келтіруші Қ.Алтынбеков, Мажар-Тұран қорының президенті, антрополог Андраш Жолт Биро, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Рысқалиев қатысты.