Атырау облыстық тарихи- өлкетану музейінде 4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Ел рәміздері - ел рухы” атты танымдық экскурсия жүргізілді.
Атырау облыстық тарихи- өлкетану музейінде 4 маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Ел рәміздері - ел рухы” атты танымдық экскурсия жүргізілді.
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ашық есік» күні өтті.
Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейінде 31 мамыр саяси – қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар зардабы» атты уақытша көрме өткізілді.
24 мамыр күні Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театырында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай музейдің «Жалпы тарих, археология, этнография ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету» бөлімінің маманы Э.Мұхамбетқалиева Атырау облысы әкімі С.Шапкеновтың алғыс хатымен, Құрманғазы аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Ж.Хайрошова мен Махамбет Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық қорық-музейі меңгерушісі А.Осихина Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы А.Жоламановтың алғыс хатымен, музей экскурсоводы Ғ.Назарбекова «Аманат» партиясының алғыс хатымен марапатталды.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Атырау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет қызметкерлері арасында өткен "Көңілді старт" спорттық жарысына қатынасты.
18 мамыр «Музей түні» іс-шарасында «Музей қорындағы техникалық - механикалық бұйымдар коллекциясы» уақытша көрмесі жасақталып, халық назарына ұсынылды.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 18-мамыр Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» іс-шарасы өткізілді.
2023 жылдың 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдің қор сақтау қызметін ұйымдастыру: теориясы мен практикасы» тақырыбында симпозиум (белгілі бір ғылыми мәселе бойынша шақырылған жиын) өткізілді.
Қызылорда облысының 85 жылдығы аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 18 мамыр - халықаралық музейлер күні «Алтын киімді Ұлы дала елі» көшпелі көрмесі өтті.
17-18 мамыр күндері Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде мектеп жанынан құрылған мектеп музейлерінің «Қоғамдық музейлер қазынасы» атты облыстық көрме-байқауы өткізілді.
Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған «Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова» атты тақырыптық көрме өткізілді.
5 мамыр күні Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай көрме жасақталды.
24 сәуір күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі жасақтаған «Ақтөбеліктер – ұлт мақтанышы» атты тарихи-танымдық көрменің салтанатты ашылуы өтті.
20 сәуір күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов арнайы келіп, музейдің тыныс-тіршілігімен етене танысты. Музейдің қызметтік бөлмелері мен экспозициялық залдарын аралап, музей қорындағы жәдігерлердің сақталу жайын тексерді.
2023 жылдың 13 сәуірінде ҚР Ұлттық музейінде «Қазақ дала өркениетінің мәдени коды» тақырыбымен 2026 жылы Францияның Лувр музейінде халықаралық көрме өткізу жобасын іске асыру бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Ораловтың төрағалығымен жергілікті атқарушы орган басшылары және облыстық музей директорларының қатысуымен жиын өтті.
5 сәуір күні сағ 11.00-де Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде "ATYRAÝ" облыстық қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына орай «Газет – өмір айнасы» атты уақытша көрменің ашылуы болды.
3 сәуір күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 сәуір – Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне орай «Құстар – жақсылықтың жаршысы» тақырыбында танымдық сабағы өткізілді.
31 наурыз күні Ресей мемлекеті Астрахан облысының министрлік өкілдері жұмыс сапарымен Атырау өңіріне келді.
Көрші мемлекеттен келген жұмысшы топтың бір бөлігі, құрамында Астрахань облысының мәдениет министрі Ольга Николайқызы Прокофьева, «Мәдени-көпшілік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі дирекция» АҚ-ның директоры Анна Владимирқызы Подосинникова, «Құрманғазы атындағы өңірлік мәдениет орталығы» АҚ-ның директоры Амангелді Геннадиұлы Абулғазиевтар аймағымыздың құнды жәдігерлері сақталған Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келіп, музейдің экспозициялық залдарын аралау барысында «Этнография» экспозициялық залындағы «Ұлт тәрбиесінің өзегі ұлттық тағам» тақырыбындағы музей қорындағы ұлттық тағамдар муляждарымен ағаш ыдыстар жиынтығынан жасалған арнайы көрмені, «Археология» экспозициялық залындағы «Тас дәуірі жәдігерлері» тақырыбындағы танымдық көрмені тамашалады.
Сондай-ақ музей жанындағы «Жас экскурсоводтар» үйірмесінің және музейде жүріп жатқан тоқсандық қор сараптау жұмыстарымен, музейдің жәдігерлер қорымен танысты. Мәдениет ошағынан мол әсер алған қонақтар өз ризашылықтарын музейдің «Пікір кітабына» жазып қалдырды.
29 наурыз күні Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде кезекті музей жанындағы ғылыми кеңес мәжілісі өтті.
Жиында алғашқы болып сөз алған музей басшысы Мұхамбетқали Кипиев басқосудың мақсат-бағдарын айқындай келе, ғылыми кеңестің жаңа құрамын таныстырды. Бұл құрамға музейдің ғылыми қызметкерлерімен қоса Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Ботагөз Ысқақова, облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Толыбай Достыбаев, облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Қайрат Қуанышев, тарих ғылымдарының кандидаттары Қабибек Мұхитов пен Марат Қасеновтер қабылданды.
Одан соң күн тәртібі белгіленіп, музейдің ғылыми хатшысы Ерлан Тілекқабылов биыл Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай өткізілетін «Дешті қыпшақтың тарихи тұлғалары: Бейбарыс және оның кезеңі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының және күйші-сазгер Құрманғазы Сағырбаевқа арналған «ХІХ – ХХ ғасырлардағы Атырау тарихы мен мәдениеті» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясының ақпараттық хатын кеңес мүшелерінің талқысына салды. Екінші кезекте музей басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Динара Бисембаева осы жылы өңіріміздегі қоғамдық негіздегі музейлердің қорларынан ұйымдастырылатын «Қоғамдық музейлер қазынасы» байқау-көрме ережесін жиын талқылауына ұсынды. Одан соң, музейдің қазіргі заман тарихы ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Күміс Аймұханова «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» экспозициялық залының жаңа концепциясын таныстырып, оны қайта жасақтау үлгісін таныстырды. Ал музейдің жалпы тарих, археология және этнография ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің маманы Эльмира Мұхамбетқалиева музейдің бірінші қабатында жасақталатын «Өлке табиғаты» экспозициясының ғылыми тұжырымдамасын таныстырып, концепциясын бекітуге ұсынды.
Басқосуда ғылыми кеңес талқысына ұсынылған мәселелер бойынша кеңес мүшелері тарапынан ой-пікірлер айтылып, қойылған мәселелер турасында толымды шешімдер қабылданды.