мукалов 20 желтоқсан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Отан үшін кеудесін оққа тосқан жауынгер Мұқалов Сапарғали Ербатырұлын еске алуға арналған танымдық шара өтті.

imgonline com ua Resize B2xdnAUBcP1LH7vLҚазақстан Республикасының төл мерекесі - Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдық мерейтойына орай әріптестеріміз Аймуканова Күміс Сатыбалдықызы, Хасанова Бақтыгүл Қаспайқызы және Нұрпейісова Светлана Құспанқызы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен,  Наурызбаева Меңсұлу Тұрсынғалиқызы «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.  

«Тарих керуені» осындай тақырыпта аудандық музейлер бір-біріне бейнесаяхат жасады. Жылдық жұмыс жоспарға сәйекс аудандық музейлер өздеріне жақын орналасқан өзге аудандық музейлерге көшпелі көрме ұйымдастыру көзделген болатын.

 Атырау облысы тарихи өлкетану музейі 2016 жылыдан бері  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы  аясында өлкеміздің тарихи-мұрасын насихаттау мақсатында «Музейлік квест» интелектуалды ойыны ұйымдастырып келеді.

Құрметті көрермендер!

Ертең, 27 қараша күні  Атырау облысы  тарихи-өлкетану музейінде санитарлық тазалық күні. Осыған орай музей көрермен қабылдай алмайтындығын қаперлеріңізге беріледі.

                                                                                                                                                                                                   Құрметпен,  Атырау облысы  тарихи-өлкетану музейі әкімшілігі

         26 қараша күні  Атырау облыстық тарихи – өлкетану музейі кітапханасы «Бір ел – бір кітап»  акциясы аясында «Жыл кітабын бірге оқиық» атты видео дәрісін өткізді.

2020 жылдың 25 қараша күні  Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде "Лаңкестік әрекет кезіндегі мекеме қызметкерлерінің әрекеті" тақырыбында музей қызметкерлеріне арналған жиын өтті.

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің мүшесі, тоқыма ойыншықтар тоқу шебері Жәния Дощановамен музейдің фейзбук желісінде тікелей эфир өтті.

18 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай рухани байлық пен игі дәстүрлердің жалғастырушысы саналатын киелі орын Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы дала жауһары» залының ашылуы салтанаты өтті.

Ал сәуір айынан бастап көрерменгедерге ұсынылып отырған онлайн форматтағы жобамыз «Ұлтқа ортақ – ұлы тұлғалар айдары» тақырыбында музейінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында арқылы шығарылып отыр. Аталған жоба тікелей эфир арқылы жүргізіледі.

6  қараша күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі «Үркер Бастауыш Пратия ұйымының» ұсынысы бойынша онлайн «Музей түні» шарасын  ұйымдастырды. 

7 қазан күні  Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Этнография бөлімінің маманы Т.Ғилажова  «Қазақстан бір ұлысқа шаңырақ» тақырыбында онлайн экскурсия ұйымдастырылды. 

 

кор жумысы 2Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қорларды сақтау жөніндегі секторының мамандары музей қорындағы киіз үйлердің ішкі-сыртқы жабдықтарына, кебеже мен жастық ағаштарына түгендеу-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 2020 жылы Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған тарихи құндықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу, анықтау жұмыстарын бірлесіп жүргізу үшін Алматы қаласындағы «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының мамандарын арнайы  шақыртқан болатын.   

ҰДО 9Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айының 28-і күні «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында атап өткен тарихи құндылықтарды насихаттау мақсатында Қазірет қонған қасиетті Түркістан қаласында бой көтерген «Ұлы Дала Елі» орталығында болды.

Пандора4Бүгін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қоры дағыстан халқының ұлттық саз аспабы пандурмен толықты. Аспапты  Қазақстан Республикасы халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай  «Каспий» дағыстан этномәден бірлестігінің төрағасы Гадис  Гаджиев табыс етті.

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің Индер аудандық бөлімшесінің "1-қазан қарттар күніне" орай Ұлдай Аманғалиқызына арнап дайындаған видео-дәрісі. Ұлдай Аманғалиқызы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, "Еңбек ардагері" медалінің иегері, "Индер ауданының Құрметті азаматы". Ол 1981-1990 жылдары елден музей қорына жәдігер жинап, аудандық бөлімшенің ашылуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған ең алғашқы музей меңгерушісі.

 

 2020 жылыдң 28 қыркүйек күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Исатай аудандық музейі бөлімшесінде КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, хирург-дәрігер Мұхамбетқалиев Құттығұлдың туғанына 85 жыл толуына орай "Өмірі ұрпаққа өнеге" тақырыбында еске алу шарасы өтті. Шараға Құттығұл Команұлының қызы Сәуле Құттығұлқызы, сонау 1970-1980 жылдары бірге қызмет атқарған әріптесі Әлләз Төлегенова және аудандық аурухананың медбикелері қатысты. 

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru