2021 жылдың 16-шы наурыз күні сағат Атырау облысы тарихи – өлкетану музейінің Палеонтология бөлімшесінде мезозой эрасының бор дәуірінде тіршілік еткен жануарлар әлеміне саяхат жасау, оқушыларды жойылып кеткен жануарлар туралы жаңа мәліметтермен таныстырып, олардың жойылып кету себептері жөнінде мағлұматтар бере отырып, теңізде тіршілік еткен жануарлар әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ZOOM бейнебайланыс бағдарламасы арқылы "Бор тауларының құпиясы " тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
Сабаққа Мақаш Бекмұхамедов атындағы орта мектебінің 6- сынып оқушылары қатынасты. Сабақ барысында оқушыларға Құлсары қаласынан 60 км қашықтықта орналасқан Ақкерегешың бор таулары және Атырау мен Ақтөбе облыстарының шекарасында орналасқан Ақтолағай бор тауларынан табылған ежелгі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тасқа айналған қазба қалдықтары, түрлі-түсті фотосуреттері көрсетіліп, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың (губкалар, маржандар, қос жақтаулы ұлулар, аммониттер, белемниттер, теңіз кірпілері, теңіз лалагүлдері, теңіз жұлдыздары, акулалар, скаттар, динозаврлар, мамонттардың т.б.) алғаш пайда болуы, олардың тіршілік ету ерекшеліктері, түрлері, көбею сатылары мен жойылып кету себептері жөнінде кеңірек түсінік берілді. Танымдық сабаққа барлығы 20 оқушы қатынасты.