Музей қоры белгілі композитордың құнды бұйымдарымен толықты

Музей қоры Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Исатай ауданының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері, композитор, ұстаз Самат Сұлтанбекұлы Мәдиевтің жеке тұтынған бұйымдарымен толықты.

Композитордың отбасы тапсырған құндылықтардың ішінде Самат Сұлтанбекұлының 60 жылдай жанына серік болған қасиетті қара домбырасы, 30 жылға жуық өзі пайдаланған музыкалық аспабы баян, қалта сағаты, ән-күй шығармаларының қолжазба ноталары, төл туындылары: «Нарын сазы» (2000), «Арнау» (2013), «Білім беру ісінің үздігі», «Халықаралық жазушылар одағының мүшесі», «Жергілікті композитор», Халықаралық қазақ творчествалық бірлестігінің «Бейбітшілік әлемі» Алтын медалінің иегері кәуліктері мен медалдары, фотосуреттері және өзге де құжаттай, заттай бұйымдары бар.

Бұл жәдігерлер Батыс Қазақстан өлкесіндегі шертпе күйлердің авторы, ұлағатты ұстаз Самат Сұлтанбекұлының өнегелі өмір жолы мен тағылымды еңбегін келешек ұрпаққа насихаттауда таптырмас тарихи естелік болары сөзсіз.

Қабылданған жәдігерлердің бірсыпырасы Самат Сұлтанбекұлының туған өлкесі Исатай аудандық музейі бөлімшесіне табысталатын болады.

«Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» КМҚК


Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru