Қазақстан Республикасы Үкіметі 2021 жылдың қаңтар айында "Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын" ұсынған болатын.
Осыған орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 14 наурыз - "Көрісу күніне" Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне тақырыптық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында экспозициялық залдарды таныстырудан бөлекзергерлік бұйымдарды арнайы тағып көрсету арқылы терең мағлұматтар берілді.
Экскурсиядан соң орталық тәрбиеленушілері үшін арнайы қазақтың ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Алдымен олар бес тас ойынын ойнап, кейіннен асық атып жарысты. Арқан тартысқа қатысқан музейдің жас көрермендері нағыс сайысқа түскендей бар күштерімен жарыса жөнелді. Бірнеше мәрте жарысып, бір-бірін жеңе алмаған тәрбиеленушілер ақырында «Достық жеңді» деп тарасты.
Ал музей әкімшілігі мереке қарсаңында музейдің жас көрермендері мен ұстаздарына «Қазақтың ұлттық ойындары» және «Бата дарып, бақ қонсын» атты кітаптарын табыс етті.
Уақыттарын тиімді өткізіп, құнды сыйлыққа ие болған орталық тәрбиеленушілері музей ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.