15 наурыз -"Жайлау күніне" орай "Сырлы өнердің майталманы" тақырыбында шеберлік сағат өтті

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көктем мерекесі - Наурыз мейрамына орай бекітілген тұжырымдамасына сәйкес 10 күндік мәдени шара жоспарын жасақтады. Осыған орай 15 наурыз – «Жайлау күніне» музей жанынан құрылған «Алтын оймақ» қолөнер үйірмесінің мүшесі, ши тоқу шебері Жанар Карабалинаның шеберханасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың қолөнерін насихаттау мақсатында тікелей эфирден шеберлік сағаты өтті.

 

Жанар Карабалина шеберлік сағатында ши тоқу қолөнеріне өзінің жолдасы, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің ұстазы Смағұл Карабалиннің дипломдық жұмысты жасауға бағыт бергенінен бастау алғандығын атап өтті.

Жанар Оралбайқызы көрермендерге ши тоқу жұмысын көрсете отырып, өзінің қолынан шыққан туындыларымен таныстырды. Шиден түрлі бейнелер жасап, ою-өрнектермен өрнектелген заманауи базарлық, кәдесыйларын, «Алтын қайық» картинасын, кестемен төгілген «Гүл» портретін, компьютерден өз қолымен басқан текеметтің жұмыс жасап жатқан процесінің суреттерін, сондай-ақ бізбен, ілмекпен, іс- машинасымен жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетті.

Сонымен қатар Ж.Карабалина өзі еңбек етіп жүрген Қыз балаларға арналған Қазақ-Түрік лицейінің оқушыларымен технология сабағында жасаған (гүлдер, ыдыстар, тоқылған сөмкелер, ыдыстың астына қоятын т.б) қолөнер бұйымдарымен таныстырды.

Желіде онлайн шеберлік сағатын 110 адам тамашалады.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru