23 наурыз күні «Жоралғылар» күніне орай Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Исатай аудандық бөлімшесінің «Әлди бөпем құт бөпем» тақырыбында ауданның ақ жаулықты әжелері арасында онлайн сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты ұмыт болып бара жатырған салт-дәстүрлеріміздің бірі бесік жырын өскелең ұрпаққа насихаттау, бесік жырының мән мағынасын түсіндіру. Сайысқа ауданның 5 ауылдық округінен, яғни Тұщықұдық ауылынан Рузия әже, Қамысқала ауылынан Бақытжамал әже, Зейнеден ауылынан Айған әже, Жанбай ауылынан Нәсіп әже, Исатай ауылынан Меруерт әжелер қатысты. Олар кішкентай сәбиді бесікте тербете отырып, бесік жырын ән түрінде айтудан сынға түсті.
Сайыс ережесіне сай үздіктер қатысушылардың алдын-ала жіберген бейнероликтері арқылы анықталды.
Сайыс қортындысы бойынша Тұщықұдық ауылынан Жиенбаева Рузия әже музейі әкімшілігінің "Алғыс хатын иеленсе, Зейнеден ауылынан Кунчеекева Айған әже ІІІ, Қамысқала ауылынан Оңайбаева Бақытжамал әже ІІ, Жанбай ауылынан Махатова Нәсіп әже І орындарға лайық деп танылды. Ал, бас жүлде Исатайлық Әбілжанова Меруерт әжеге бұйырды.