16 наурыз Шежіре күні.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасында бұл күнді "Аналар күні", "Әкелер күні" сондай-ақ "Отбасылар күні" мерекесі ретінде атап өту және мерекенің құндылығын балалар санасына жастайынан сіңіру қажеттілігі туралы айтылған. Осыған орай бұл күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Елтай ауылдық музейі «Ана өмір шуағы» тақырыбында ауыл аналарымен кездесу кешін өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ана мен бала арасындағы байланысты нығайту.
Кездесу кешіне Елтай ауылының тұрғыны алтын құрсақты ана, зейнеткер Сиғуатова Мұқсина Сиғуатқызы, денсаулық сақтау саласының ардагері Төремұратова Сара Қабдырашқызы және "Қызғалдақ" бөбекжайының тәрбиешісі Аманғалиева Асылзада Қанатқызы және М.Сиранов атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушылары, Елтай ауылдық кітапхана және Мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу кеші барысында ақ жаулықты аналарға ана мен бала арасындағы қарым – қатынас, қазіргі уақыттағы бала тәрбиесі, ене мен келін арасындағы байланыс туралы жағдаяттық сұрақтар қойылып, әдемі сыр-сұхбат орын алды.
Жас ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор кезесу кешінде музей қызметкері Тоғжанова Жаннан, М.Сиранов атндағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Абзал Жаннұр әдемі әндерін орындап кештің сәнін келтірсе, өз кезегінде ақ жаулықты аналарымыз көрермендерге Ақ батасын беріп тарқасты.