Ал, Экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі лауазымына Тілекқабылов Ерлан Қоныскерейұлы тағайындалды. Ерлан Тілекқабылов 1992 жылы 16 ақпанда Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосында дүниеге келген. 2014 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, тарих-филология факультетін бітірген. Еңбек өтілі –6 жыл. Ерлан Қоныскерейұлы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне 2014 жылы экспозициялық-көрмелік жұмыс бөлімінің әдіскері болып қабылданып, 2019-2020 жылдар аралығында археология ғылыми-зерттеу секторының маманы болып қызмет атқарды.
Осы жылдар ішінде Е.Қоныскерейұлы мәдени-ағарту, ғылыми-әдістемелік жұмыстарға белсене араласып, экспозициялық залдарды жасақтау, тұрақты және көшпелі көрмелерді ұйымдастыру жұмысын жауапкершілікпен атқарып, музеефикация, археологиялық қазба жұмысы, ғылыми зерттеу жұмыстарына жоғары ізденіспен қатысты.