21 наурыз - "Ұлттық тағамдар күніне" орай "Ұмытылмаған ұлттық тағамдар" тақырыбында онлайн көрме таныстырылды

21 наурыз - "Ұлттық тағамдар күніне" орай Атырау облысы тарихи-өлкенату музейі "Ұмытылмаған ұлттық тағамдар" тақырыбында онлайн көрме өткізді. Көрме барысында әлеуметтік желі қолданушыларына қазақтың табақ тарту ерекшеліктері мен ережелері туралы түсінік беріліп, музей қорындағы ет тағамдарының муляжы көрсетілді. 

Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.

Халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан.

«Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК

 

Атырау қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 3

Тел. 8 (7122) 32-36-64, 8 (7122) 32-29-12

Email: atyrau-museum@mail.ru