Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс экспозициялық залы жұмыс жасайды. Осы экспозициялық залдың жалғасы ретінде
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс экспозициялық залы жұмыс жасайды. Осы экспозициялық залдың жалғасы ретінде
Елімізде болып жатырған COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу және алдын-алу шараларына сәйкес, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 18 наурыздан белгіленген жоспарлары бойынша қашықтықтан (дистанц) жұмыс жасау тәсілімен (үй жағдайында) қызмет атқаруда. Осы орайда музей көрермендерінің де жағдайы ескерусіз қалмады.
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің «Жайық» спорттық-мәдени кешенінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының Атырау облысы бойынша салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінен жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ағымдағы жылдың 6 ақпан күні сағ 11-де Кеңес мәжілісінің І - отырысы өтті. Кеңес отырысына кеңес мүшелері, музей қызметкерлері және ғылыми кеңестің арнайы қонағы Кеңес Одағының Батыры Б.Нысанбаевтың туысы О.Нысанбаев қатынасты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп бекітуіне орай 31 қаңтар күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде «GASYR» еріктілер клубының ашылу салтанаты өтті.
2020 жылы 23 қаңтар күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі «Өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар: Атырау облысының киелі жерлері» дәріс сабағын өткізді. Дәрісте орта мектеп оқушыларына Атырау өңіріндегі маңызы бар қасиетті нысандар, археологиялық ескерткіштер, оларда жүргізілген қазба жұмыстары, табылған жәдігерлердің музей экспозициясында насихатталуы туралы айтылды. Дәріс жас ұрпаққа қасиетті нысандарды таныту, көне тарихымызға деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды.
«Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жүргізу үшін орталық басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.
Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:
2020 жылы 16 желтоқсан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлерінің және музейге қарасты аудандық бөлімшелердің 2019 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 15 қаңтар күні ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша елі, жері үшін аянбай еңбек еткен біртуар тұлғаларды кеңінен насихаттау бағытында Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, Құрманғазы ауданының «Құрметті Азаматы», өлкетанушы Мақсот Құмарұлы Жолжановтың музей қорында жинақталған ғылыми-зерттеу еңбектері енгізілген «Дала академигі» кітабының таныстырылым шарасы өткізілді.
2019 жылы 25 желтоқсан күні жыл ішінде музей қорына қабылданған жәдігерлерді көрермендер назарына ұсыну мақсатында «2019 жылы музей қорына қабылданған жәдігерлер топтамасы» көрмесінің ашылуы өтті.
2019 жылы 24 желтоқсан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облысымызға қарасты 7 ауданның тарихи құндылығын кең көлемде насихаттауға бағытталған Аудан күндері шарасы қорытындыланды.
2019 жылы 23 желтоқсан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ежелгі сақтар мен ғұндар дәуірінің мәңгілік әуенін жаңа ғасыр музыкасымен жалғастырып, қазақ ұлттық мәдениетін әлемдік сахнада жаңғыртып жүрген талант иесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері Еділ Сейілханұлы Құсайыновпен кездесу кеші өтті.
2019 жылы 20 желтоқсан күні Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі Атырау облысы мəслихаттарына - 25 жыл толуына орай көшпелі көрме ұйымдастырды.
Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Тәуелсіздік- мәңгілік ел мұраты» көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 13 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай айтулы күннің ел тарихындағы маңыздылығын студенттерге жеткізе отырып, бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін айқындай келе, сол арқылы өз Отанын сүюге, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» атты тарихи-тағылымдылық сабағы өткізілді.
ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы М.Тәжиннің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 11 желтоқсан күні «Ұлы дала тарихы» тақырыбында Махамбет ауданы күндерінің ашылу салтанаты өтті.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылдың 9 желтоқсанда 4-тоқсан бойынша қор сатып-алу (қор іріктеу) комиссиясының отырысы өткізілді.
Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі 29 қараша күні Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Тұңғыш Президент» күніне орай ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыру, Елбасының ел басқару жолында атқарған нәтижелі жұмыстары мен тұжырымды еңбектерін насихаттау мақсатында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көшпелі көрмесі Атырау халқы мен қонақтарына ұсынылды.
2019 жылдың 27 қараша күні сағ:11.00-де «Рухани жаңғыру» қоғамдық жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған аудан күндері аясында Мақат ауданы күндерінің ашылу салтанаты болып өтті.